Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Шағбан айындағы шарапатты шара - Sunna.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан сұннет

Жолданған уақыты: 00:30 - 2020/01/15

Нақты Көзі: https://sunna.kz/2019/04/23/7-357/


Шағбан айындағы шарапатты шара - Sunna.kz

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Шағбан айы келгенде, «Алла Тағалам! Ережеп пен Шағбан айларын берекелі қыла гөр. Бізді Рамазанға аман-есен жеткіз» деген дұғасын жиі айтатын болған. Қаситетті Рамазан айы таяп қалғанда мұсылмандар сауапты амалдарын арттыруға, жақсылық жасауға дайындалады.

ҚМДБ төрт басым бағытының бірі – қайырымдылық шараларын ұйымдастыру.  «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазановтың ұйытқы болуымен және «Аналар мектебінің» ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өткізілді. Көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған он отбасының мекен жайына азық-түлік пакеті  мешіт қызметкерлері тарапынан жеткізілді. Қайрымдылық пакетте ораза ұстаушы кісінің ауызашарға қажетті барлық азық-түлік қамтылған.

Мешіт жанынан құрылған «Аналар мектебі» рухани клубының жетекшісі Әлия Аусағатова мен ұстаз Айгүл Көксегенқызы қайрымдылық шаралардың жалғасатындығын айтты.

          «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз орталығы

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=18&id=1096200
Пікірлер

Көрші сілтемелер