Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Мешітімізде алғашқы ауызашар дастарханы жайылды (ФОТО) – Sunna.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан сұннет

Жолданған уақыты: 18:00 - 2019/12/09

Нақты Көзі: http://sunna.kz/2018/05/17/1705/


Мешітімізде алғашқы ауызашар дастарханы жайылды (ФОТО) – Sunna.kz

17-мамыр. Астана. /SUNNA.KZ/ – Мешітімізде биылғы жылдың алғашқы ауызашар дастарханы жайылды.

ҚМДБ-ның тапсырмасы аясында, айлардың сұлтаны қасиетті Рамазан айының кіруіне орай, ел мешіттерінде ауызашар дастархандары жайылып, ораза ұстаған мұсылмандар үшін арнайы ас мәзірі ұсынылды. 

Бұл үрдіс Елорда мешіттерінде де жыл сайын тұрақты артқарылар игі іс-шаралар қатарында. Биыл да өкілдіктің қадағалауымен ауызашар дастархандары жасалып, мыңдаған ораза ұстаушылар үшін арнайы тағам дайындалды.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті де жыл сайынғы үрдіс бойынша, кәсіпкер азаматтар мен ауыз аштырып сауап алғысы келген азаматтардың демеушілігімен мешіт жанына тігілген үлкен шатырда және алты қанат боз үйдің ішінде Рамазан айының алғашқы ауызашары берілді.

Сондай-ақ, ауызашар барысында «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы Бағзат Ақжол жиналған жамағатты қасиетті Рамазан аймен құттықтап, аз-кем ауызшар дастаханының берекесі жайлы уағыз-насихат айтты.

Осылайша, Рамазан айының алғашқы ауызашар дастарханынан 400-ге жуық мұсылман дәм татты.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=18&id=1081962
Пікірлер

Көрші сілтемелер