Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-071600666656 %44 %
2019-12-082923931263 %37 %
2019-12-0924435763 %37 %

ҚАДІР КЕШІ: БАС МҮФТИ «НҰР АСТАНА» МЕШІТІНДЕ УАҒЫЗ АЙТТЫ (ФОТО) – Sunna.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан сұннет

Жолданған уақыты: 10:20 - 2019/12/03


ҚАДІР КЕШІ: БАС МҮФТИ «НҰР АСТАНА» МЕШІТІНДЕ УАҒЫЗ АЙТТЫ (ФОТО) – Sunna.kz

ҚМДБ Төрағасы Серікбай Сатыбалдыұлы «Нұр Астана» мешітінде Құран хатым батасын жасап, уағыз айтты, – деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

«Қадірлі жамағат! Мың айдан қадірлі болған қасиетті түнді Аллаға мадақ, пайғамбарға салауат айтып, құлшылықпен өткізу – үлкен сауапты амал. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз үмбетіне осы түнде дұға жасауды да үйретіп кеткен. Алла Елшісі үйреткен дұғалардың бірі мынадай: «Уа, Алла! Расында, Сен – Кешірімдісің, кешіргенді жақсы көресің. Мені кешіре гөр». Қасиетті түнді құлшылықпен өткізген мұсылманға періштелер салауат айтып, оған бейбіт өмір тілейді. Алла Тағала баршамыздың дұға-тілектерімізді қабыл етіп, рақымына бөлегей! Халқымыз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды болғай», – деп батасын берді Бас мүфти.

Серікбай қажы Ораз өз кезегінде бір ай бойы Құранды толық хатым еткен қариларға алғысын білдіріп, қазақы дәстүрмен шапан жапты.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=18&id=1079169
Пікірлер

Көрші сілтемелер