Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-181794515640 %60 %
2019-11-192440715839 %61 %
2019-11-2033982341 %59 %

«Уақып» қоры банктермен және меценаттармен ынтымақтастық меморандумын бекітті – Sunna.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан сұннет

Жолданған уақыты: 22:40 - 2019/10/22


«Уақып» қоры банктермен және меценаттармен ынтымақтастық меморандумын бекітті – Sunna.kz

Астанада «Уақып қоры» корпоративтік қайырымдылық қорының таныстырылымы болып өтті. Шараға ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, Қазақстанның бас мүфтиі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан Малғажыұлы, мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастықтардың өкілдері қатысты, – деп хабарлады sunna.kz «Нұр Астана» орталық мешітінің баспасыө қызметіне сілтеме жасап.

5b756ee2ae326f4bcc66f7fd50dea942 L

Шара барысында ҚР Дін істері және азаматтық министрі, «Уақып» қайырымдылық қоры қамқоршылар кеңесінің төрағасы Нұрлан Ермекбаев сөз сөйледі. Оның айтуынша, Қазақстанда игілікті, сауапты істер жасауға ниетті адамдардың қатары көбейіп келеді.   «Дін жолында «сауапты іс» жасау үшін тек қана мешіт салу міндетті емес. Қоғам үшін пайдалы болып есептелетін кез-келген игілікті істі жасауға  болады. Оның ішінде мектептер, ауруханалар, жол салу, көпір салу секілді қоғамға пайдалы кез келген іс сауапқа жатады….. Қордың жұмысы аталған мәселені шешуге бағытталған. Ол қайырымдылық жасау жолындағы істерді тиімді жүйеге салуға үлес қосады. Ең бастысы – бәрі ашық және қоғам үшін пайдалы болуы тиіс», – деп атап өтті Нұрлан Ермекбаев. Қордың қаражаты діни ғимараттар мен әлеуметтік нысандарды салуға, діни қызметкерлер мен кедейлерге, жұмыссыздар мен мүгедектерге қолдау көрсетуге арналған жобаларды іске асыруға бағытталған. Дін істері министрінің айтуынша, мұндай мекемелер қайырымдылық жасау дәстүрлері қалыптасқан көптеген елдерде кең таралған. «Вакф» Институты мұсылман елдерінің халықтары арасында кеңінен қолданылады, сондай-ақ арнайы құрылған «Вакф» министрліктері де жұмыс істейді. Аталған жүйе қазірдің өзінде Таяу Шығыстағы ислам елдерінде ғана емес, сонымен қатар зайырлы мемлекеттерде де жүзеге асырылуда. Мысалы, Ресей Федерациясының кейбір өңірлерінде, Қырғызстан мен Түркияда бар. Іс-шара соңында «Уақып» қоры мен «Аль Сакр Финанс» АҚ, «Астана Банкі» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумдар бекітілді. Бұдан бөлек, меценаттар қайырымдылық көмек көрсетуге уағдаласты. Естеріңізге сала кетейік, «Уақып» қоры бұл дәстүрлі және адамгершілік құндылықтарды қолдауға бағытталған діни радикализм мен фанатизмді болдырмауды, әлеуметтік жобаларды қаржыландыруды, білім беру және тәрбиелік қызметті қаржыландыруға, діни қызметкерлердің жұмысының  тиімділігін арттыруға және діни институттардың қызметін қолдауға бағытталған коммерциялық емес қайырымдылық ұйым болып табылады.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=18&id=1063058
Пікірлер

Көрші сілтемелер