Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-141793576056 %44 %
2019-12-152986627364 %36 %
2019-12-162164932674 %26 %

Жамбылда жерлеу рәсімі мен ас беру тәртібі енгізілді – Sunna.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан сұннет

Жолданған уақыты: 16:00 - 2019/08/13


Жамбылда жерлеу рәсімі мен ас беру тәртібі енгізілді – Sunna.kz

Орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің және Жамбыл облысы әкімдігі Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Қаралы үйдегі ас мәзірі және жаназа рәсімдері» атты дөңгелек үстел өтті.

Жиынға Жамбыл облысы әкімдігі Дін істері басқармасының басшысы, Қоғамдық кеңес өкілдері, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері, Облыстық Ішкі саясат басқармасы, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық  филиалы, облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы, Этно-мәдени орталықтардың өкілдері, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі, Тараз қаласы мен аудан бас имамдары, ҮЕҰ өкілдері, БАҚ өкілдері, тойхана мен мейрамхана басшылары қатысты.

Қайғылы күндегі ысырапшылдық ас мәзірінде ғана емес, жаназа төңірегінде де көрініс беріп жатқаны күн тәртібіне қойылып, талқылануға ұсынылды. Қоғамдағы басты мәселенің түйінін тарқатқан мәжілісте қатысушылар өз пікірлерін білдіріп жатты.

Дөңгелек үстелге жиналған көпшілік бір ауыздан кеңесе отырып: Жаназа рәсіміне арналған ас мәзіріне кіретін тағамдар: бауырсақ, тандыр нан, тәтті нан, қант, кәмпит, жент  немесе талқан және салат болса, сондай-ақ ыстық тамаққа ет асу немесе палау (екеуінің біреуі) кіреді; тамақтандыру орындарында бір кісілік ас мәзірі – 2000 тг мөлшерінде болса; қаза – жарыса сөз сөйлейтін той емес, сондықтан қаралы үйде, жиын астарда көңіл айту үрдісін сақтап, жұбату сөздерімен ғана шектелсе; мәйіт үйде бірнеше күн сақталмай, шариғат заңымен ертерек жерленсе, мысалы, таңертең қайтқан марқұм келесі күні таңертең, ал түс қайта дүние салған марқұм келесі күні түстен кейін жаназасы оқылып,  жерленсе; қабір басында ата-атаға таратылатын  ақша, шапан және жыртыс беру тоқтатылса; қала, аудан және ауылдық зираттарда мұсылмандық қабір әдептері мен тыйымдары жазылған тақтайшалар орнатылса; шариғат талабына сай қайғы жамылып отырған отбасыға қамқорлық, қолдау мақсатында көршілері, туысқандары ас-ауқат пен жаназа шығындарын өз мойнына алса; мәйіт шыққан үйден қырқына дейін ірі қара (жылқы, сиыр) шалу тоқтатылса; мәйіт жерленбей тұрып, ас беру тоқтатылса сынды ұсыныстар ортаға тасталып, мәжіліс төрағасы Жамбыл облысы әкімдігі Дін істері басқармасының басшысы Жанкелді Омаров қатысушылармен бірге шешім шығарып, қаулы қабылданды.

asyldin.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=18&id=1033892
Пікірлер

Көрші сілтемелер