Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматыда Құрбан айттың екінші күні 1150 отбасыға құрбандық еті үлестірілді (ФОТО, ВИДЕО)



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Өркенйет газеті

Жолданған уақыты: 20:00 - 2020/08/01

Нақты Көзі: https://azan.kz/kz/ahbar/read/almatyida-qurban-ayttyin-ekinshi-kyni-1150-otbasyiga-qurbandyiq-12465


Бүгін, қасиетті Құрбан айт мейрамының екінші күні, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен іске асып жатқан «QURBAN-2020» онлайн қайырымдылық акциясы аясында Алматы қаласы өкілдігі бойынша 421 уақ мал (қой, тоқты, ешкі), 5 ірі қара (сиыр) құрбандыққа шалынып, 1150 отбасыға құрбандық еті үлестірілді.

 

Естеріңізге сала кетейік, онлайн құрбандық шалу рәсімі карантиндік талаптарды сақтау үшін іске қосылған Qurban2020.kz вебсайты арқылы жүзеге асып жатыр. Яғни, қашықтан онлайн құрбандық шалуға ниет білдіріп, аталған сайт арқылы мал түрін таңдап, ақшасын аударған жандардың шалған құрбандықтары сайт арқылы өтінім тастаған мұқтаж отбасылардың үйлеріне жеткізілуде.

 

Ал арнайы курьерлік қызметпен жеткізілген құрбандық еттерін алған қала тұрғындары да онлайн қайырымдылық шарасын өткізуге атсалысқан жергілікті билік мен қала мешіттеріне, жомарт жандар мен еріктілер тобына үлкен алғыс білдіріп, Алланың ризалығы мен сауабын тіледі. 

 

Алла Тағала ізгі ниетпен шалған құрбандықтарымыз бен дұға-тілектерімізді қабыл етсін! 

 

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=17&id=1231982
Пікірлер

Көрші сілтемелер