Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Павлодар: Төрт мешітте «Жолаушылар бөлмесі» ашылды - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 16:45 - 2021/03/03

Нақты Көзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2021-03-03/35189-pavlodar-tort-meshitte-zholaushylar-bolmesi-ashyldy


Павлодар: Төрт мешітте «Жолаушылар бөлмесі» ашылды - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты
Павлодар: Төрт мешітте «Жолаушылар бөлмесі» ашылды

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Павлодар облысына қарасты 4 мешітте «Жолаушылар бөлмесі» ашылды.

Аққулы аудандық «Ғабдул Уақит хазірет» мешіті, Ертіс аудандық «Ержан» мешіті, Тереңкөл ауданы Береговой аулының мешіті және Павлодарский ауылының «Қасым қажы» мешіттері күніне жүздеген жолаушылар әрі-бері ағылып жататын Семей-Омбы трассасы бойында және Ертіс дариясының келесі жағалауы арқылы Ресейге шығатын даңғыл жолдың бойында орналасқан.

«Мешіттерде ашылған «Жолаушылар бөлмесінде» жолаушылардың тынығып алуына барлық жағдай жасалған. Жолаушылар мешіттегі арнайы бөлмеге орналасып бір сәт тынығып, дәрет алып, сапар намазын оқып, ыстық шәй қайнатып ішіп немесе жеңіл сусын, жеңіл аспен тамақтанып, шаршауын басып, мүмкін аздап мызғып алып, ары қарай сапарын жалғасыра беруіне болады. Тіптен көлігі бұзылып далада қалып жатса түнеп кетуіне де болады. Мәселен, Ертіс ауданы мешітіндегі бөлме 3 адамға арналған. Мұндай ізгі шараларымыздың көптің көңілінен шығатыны кәміл» дейді облыс бас имамы Жолас Қоспақұлы.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1364985
Пікірлер

Көрші сілтемелер