Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


БҚО: Имамның игі бастамасы - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 09:30 - 2020/09/22

Нақты Көзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2020-09-22/33134-bko-imamnyn-igi-bastamasy


БҚО: Имамның игі бастамасы - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты
БҚО: Имамның игі бастамасы

Жақында Жәнібек аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Есенболат Абдуғалиев ардагерлер үйінде аудандағы зираттарда қабірдің құбылаға қарап жататын бағыты өзгеріп кеткендігі туралы айтып, жиын өткізді.Оған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова, Жәнібек ауылдық округі әкімінің орынбасары Ләззат Абдолова мен аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.

Басқосуда бас имам зираттардың басына құбыланы көрсетіп тұратынын тақтайша орнатылғанын және зираттың қай бағытта қазылуы мен мүрденің орналастыру тәртібін экраннан бейнекөрініс арқылы көрсетіп, түсіндірді.

Жиынға қатысқандар тарапынан имамға әртүрлі бағыттағы сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды. Нақтырақ айтсақ, зират маңына үйшік(будка) пен әжетхана керектігі, соңғы уақытта жаназадағы бәсекелестік, аста-төк ысырапшылдыққа жол бермеу турасындағы ұсыныстар тыңдалып, алдағы уақытта осыны аудан тұрғындарының қаперіне жеткізу қажеттігі айтылды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1265002
Пікірлер

Көрші сілтемелер