Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Семей: Құдайы ас орнына қайырымдылық жасады - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 12:00 - 2020/09/17

Нақты Көзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2020-09-17/33057-semei-kudaiy-as-ornyna-kaiyrymdylyk-zhasady


Семей: Құдайы ас орнына қайырымдылық жасады - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты
Семей: Құдайы ас орнына қайырымдылық жасады

ҚМДБ-ның Семей «Қос мұнаралы» орталық мешітінде қала тұрғыны Мұрат Құрметұлы Әубәкіровтің дүниеден қайтқанына 1 жыл толуына орай қайырымдылық іс-шара өтті.

Қазіргі карантин жағдайына байланысты Мұрат Құрметұлының отбасы үлкен ас беруден бас тартып, көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратып берді. 

Қайырымдылық шара барысында жағдайы төмен, көпбалалы 100 отбасыға азық-түлік себеті үлестірілді. Онда ұн 5 кг, май 5 литр, қант 5 кг, шәй, күріш 5 кг, макарон 5 кг, қарақұмық 2 кг және медициналық бетперде, қолғап берілді. Жалпы, бір отбасыға шаққанда 9000 (тоғыз мың) теңге көлемінде  қаржы жұмсалды. 

Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Адам баласы дүниеден өткен соң оның амалының барлығы үзіледі (тоқтайды), тек үш түрлі амалы үзілмейді: жария берген садақасы, артынан қалдырған пайдалы ілімі немесе оған дұға жасайтын салиқалы ұрпағы» делінген. 

Көмек алған жандар ризалықтарын білдіріп, жомарттық жасаған азаматтарға да алғыстарын айтып, көңілді күймен тарқасты.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1262047
Пікірлер

Көрші сілтемелер