Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Павлодар: Екі шағын көпір іске қосылды (ФОТО) - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайт



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 10:30 - 2020/09/17

Нақты Көзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2020-09-17/33051-pavlodar-eki-shagyn-kopir-iske-kosyldy-foto


Павлодар: Екі шағын көпір іске қосылды (ФОТО) - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты
Павлодар: Екі шағын көпір іске қосылды (ФОТО)

ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойы аясында Павлодар облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті мен Баянауыл ауданы «Мұса мырза» мешітінің ұйымдастыруымен Баянауыл ауданының орталығына және Торайғыр ауылында жаңа көпір ел игілігіне беріліп, ашылу рәсімдері жасалды.

Шараға Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы, Баянауыл ауданының бас имамы Саян Кожин және мешіт жамағаты, ауыл азаматтары қатысты.

Көпірлердің бірі ауыл арасындағы көктемгі қар суы, балшық-батпақ кезінде, жазда бірнеше күн қатар болатын Баян тауының нөсерге тола күндерінде мектеп балаларының жүріп тұруына және ауыл-үйаралық өзара қарым-қатынасқа қолайлы жағдай туғызады. Бұл көпірді Баянауыл ауданына қарасты мешіт имамдары өз күштерімен орнатып ауыл халқына сыйға тартты.

Ал келесі шағын көпір Торайғыр ауылында пайдалануға берілді. Көпірді облыс орталығындағы «Мәшһүр Жүсіп» мешіті ұжымы Торайғыр аулының әсем табиғаты аясына демалуға келушілердің таудан ағатын жайылма бұлақтардан кедергісіз өтуіне қолайлы жерге орналастырып берген болатын.

Жаңа көпірлердің ашылуына қатысқан елдімекен тұрғындары осы игі шараның бастамашысы болған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына көп-көп ризашылық білдірді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1261978
Пікірлер

Көрші сілтемелер