Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Шымкент: «Торлан» мешіті жаңадан салынып, пайдалануға берілді (ФОТО) - Қазақстан Мұсылмандары Діни б



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 09:15 - 2020/09/17

Нақты Көзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2020-09-17/33049-shymkent-torlan-meshiti-zhanadan-salynyp-paidalanuga-berildi-foto


Шымкент: «Торлан» мешіті жаңадан салынып, пайдалануға берілді (ФОТО) - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты
Шымкент: «Торлан» мешіті жаңадан салынып, пайдалануға берілді (ФОТО)

ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына арналған «30 игі шара» жобасы аясында Шымкент қаласының Абай ауданында орналасқан «Торлан» мешіті жаңадан салынып, пайдалануға берілді.

Мешіттің ашылу шарасына Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Жамалбек Шәріпбек, «Ерсұлтан -Агро» ЖШС-нің бас директоры Ерболат Мырзабеков, мешіт имамдары мен елді мекен тұрғындары т,б, азаматтар қатысты.

Игі шараның ашылуы Құран оқумен басталса, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Торлан» мешітінің қауымына жолдаған арнайы құттықтау сәлемін жеткізіп, жаңа мешіттің ашылуымен құттықтады.

Қаланың ең шеткі аймағында орналасқан «Торлан» мешітіне Бас мүфтидің бұйрығымен тәжірибелі, білімді һәм білікті имам ретінде Ғалымжан Назаров тағайындалып, аз уақыттың ішінде онлайн оқытып 200-ге жуық шәкірттерге тәлім берді. Және үй пішімінде салынған ескі мешіт жанына жаңадан мешіт салуға кірісіп, бүгін пайдалануға берілді. Ал ескі мешіт діни сауат ашу курсы (ДСАК) ғимаратына айналып отыр.

Жаңа мешіттің көлік тұрағы, асханасы, неке және қабылдау, дәрісхана, имам, наиб имам бөлмесі мен қабылдау бөлмелері орналасқан. 250 адам бір мезгілде намаз оқи алады. 

Жаңа мешіттің ашылуы елді мекен тұрғындарына қуаныш пен шаттық сыйлады. Игі шараның бастамашысы болған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына алғыстарын білдірді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1261926
Пікірлер

Көрші сілтемелер