Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


РАНТ МҮШЕЛЕРІ ДӘРІС ӨТКІЗЕДІ - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 17:15 - 2020/08/14

Нақты Көзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2020-08-14/32590-rant-musheleri-onlain-dris-otkizedi


РАНТ МҮШЕЛЕРІ ДӘРІС ӨТКІЗЕДІ - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты
РАНТ МҮШЕЛЕРІ ДӘРІС ӨТКІЗЕДІ

Дүйсенбіден бастап ҚМДБ-ға қарасты РАНТ мүшелерінің қатысуымен діни дәрістер өтеді. Дәрістерді күн сайын «Хикмет» студиясының Youtube каналынан көруге болады.

Әр дүйсенбіде Ақтөбе қаласының бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы Имам ән-Науауидің «Риадус салихин» кітабы бойынша Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерін түсіндірмесімен жеткізеді.

Аптаның сейсенбісінде атақты ғалым имам Ғазалидің «Мукашафатул қулуб» кітабы бойынша Тараз қаласы «Һибатулла Тарази» орталық мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлы дәрістер жүргізіледі. Аталған кітап – мұсылманның бойында табылуы қажет сипаттар жайында құлшылықтардың мән мағынасы жайында жазылған керемет туынды.

Сәрсенбі күні Ислам дінінің негізі болған ілім-білім және ілім алудағы әдептер турасындағы құнды еңбек «Сафахат мин сабри улама әла шәдәид илм уат тахсил» кітабы бойынша Алматы қаласы «Бәйкен» мешітінің наиб имамы Нұрболат Аманбайұлы дәріс жүргізеді. Ілім жолында жүрген бауырларымызға таптырмас рухани азық боларына сенімдіміз.

Бейсенбі күні фиқһ ілімінде Орта Азия мектебіне танымал еңбектердің бірі «Мухтасар әл Қудури» кітабы бойынша Алматы қаласы Ақсай мешітінің наиб имамы Қуаныш Әбішев дәрістер жүргізеді.

Аптаның жұмасында адамзатың асыл тәжі Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінің әр қыры, көркем мінезі баян етілген керемет туынды «Әшшамааил әл-Мухамадия» кітабы бойынша Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық мешітінің имамы Дастан Құрманбаев дәрістер жүргізеді.

Сенбі күні «Сафуат тафаасир» кітабы бойынша Ақтау қаласы Бекет ата мешітінің наиб имамы Юнус Асга дәріс жүргізеді. Бұл тәпсір кітабының ерекшелігі – жалпы оқырман үшін түсінікті әрі ықшамдалған түрде жазылған еңбек.

Алла Тағала Құран Кәрімде: «Айт, білгендер мен білмегендер тең бе?»  делінген. Әлбетте тең емес, сол себепті ілім алу жолында тер төгейік, ұстаздарымыздың дәрісін тыңдайық.

Айта кетейік, маусым айының қорытындысы бойынша өңірлерге қарасты ЖАНТ мүшелері әлеуметтік желілерде әртүрлі тақырыптарда 400-ден астам уағыз айтып, аталған уағызға 66 000-ға жуық адам қатысты.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1240529
Пікірлер

Көрші сілтемелер