Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


ЕЛОРДА МЕШІТТЕРІ АУРУХАНАЛАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАР ТАРТУ ЕТТІ (ФОТО) - Қазақстан Мұсылмандары Дін



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 20:15 - 2020/08/05

Нақты Көзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2020-08-05/32481-elorda-meshitteri-aurukhanalarga-meditsinalyk-kurylgylar-tartu-etti-foto


ЕЛОРДА МЕШІТТЕРІ АУРУХАНАЛАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАР ТАРТУ ЕТТІ (ФОТО) - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты
ЕЛОРДА МЕШІТТЕРІ АУРУХАНАЛАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАР ТАРТУ ЕТТІ (ФОТО)

Елорда мешіттері елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан бастап халыққа мейлінше қол ұшын беріп келеді. Осы үрдіс бойынша бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі Елордамыздағы төрт ауруханаға денедегі сатурация деңгейін анықтайтын медициналық құрылғыларды тарту етті.

Атап өтсек, Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіповтың басшылығымен №1 Қалалық аурухана, №2 Перинаталдық орталық, Нұр-Сұлтан қаласының орталық жол ауруханасы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Көпсалалы медицина орталығына» жоғарыда аталған медициналық құрылғылар халық игілігі үшін табыс етілді.

Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі уақытта аты жаман аурудың біршама беті қайтқан көрінеді. Десе де, қиын-қыстау кезеңде мүмкіндігінше қол ұшын беріп, қолдау білдіріп жатқан ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігіне өз алғыстарын айтып жатты.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1234590
Пікірлер

Көрші сілтемелер