Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


ӘКІМ  ҚХА МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ | Қазақ Әдебиеті - QazaqAdebieti



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ әдебйеті

Жолданған уақыты: 16:00 - 2020/09/16

Нақты Көзі: https://qazaqadebieti.kz/26286/kim-ha-m-shelerimen-kezdesti


ӘКІМ  ҚХА МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

01.09.2020

11

0

 

Бүгін Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы қарсаңында облыс әкімі, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының төрайымы Г. Әбдіқалықованың қатысуымен Достық үйінде салтанатты басқосу өтті. Оған облыстық ҚХА құрылымдары және этномәдени бірлестіктің жетекшілері қатысты.

Салтанатты шара басталмас бұрын қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жасампаз 25 жыл» тарихынан сыр шертер естелік сәттері көрініс тапқан фотогалереямен танысты.

– Аймақ басшысы, облыстық ассамблеяның төрайымы ретінде өздеріңізбен алғаш кездесуім. Туған жерім – Сыр өңіріне басшы болып тағайындалған сәттен бастап өздеріңіздің ыстық ықыластарыңыз бен қолдауларыңызды сезіндім. Осы кездесуді пайдаланып, баршаңызға алғысымды білдіргім келеді! Бүгінгі біздің басқосуымыз Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы қарсаңында өткізілуде. Сонымен қатар, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясына биыл 25 жыл толып отыр. Қатар келген қос мереке құтты болсын!

Өздеріңізге мәлім, Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің өміршең құралына айналды. Ұлтқа ұя, жығылғанға пана бола білген қасиетті Сыр өңірінде «бейбітшілік», «тыныштық», «тұрақтылық» деген маңызды ұғымдарды қалыптастыруда толымды істердің атқарылғанын айта аламыз. Бұл игі істерде Сіздердің де өзіндік үлестеріңіз бар, – деді аймақ басшысы өз сөзінде.

Сондай-ақ, өңірдегі ассамблеяның қызметін жандандыру және оның қоғамдық-саяси рөлі мен маңызын арттыру бағытындағы пікірлерді тыңдауға әзір екендігін білдірді.

Осы орайда «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығы» облыстық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Галина Щербакова «Сыр өңірі – бейбітшілік пен келісім мекені» тақырыбында сөз сөйледі.

Ал «Қазақстан корейлер қауымдастығы» облыстық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Елена Ким «Корей этномәдени бірлестігінің 30 жылдығына» байланысты ұсынысын ортаға салса, облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Қахар Дадашев «Өңірдегі кәсіпкерлік саласы, қайырымдылық бағытындағы Ассамблеяның рөлі» туралы ойларымен бөлісті.

Облыстық татар этномәдени бірлестігінің төрайымы Галия Гизатуллина «Этномәдени бірлестіктердің ұлттық мерекелері» туралы, облыстық ассамблея жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Нұрсауле Мусаева «Отбасы және ұлттық тәрбие құндылықтарын насихаттаудағы Аналар кеңесінің рөлі» тақырыбында сөз қозғады.

Салтанатты басқосуды облыс әкімі Ассамблеяның рөлі мен мәртебесін биіктетуде, өңірдегі достық пен бейбітшілік бірлігін нығайтуда Сіздермен бірлесіп жүйелі жұмыс атқаратын боламыз деп қорытындылады.

Кездесу аясында Жасампаздыққа, ізгілікке толы 25 жыл ішінде қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтауға қосқан елеулі үлестері үшін облыстық этномәдени бірлестіктің және құрылым жетекшілеріне «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалін табыстады.

Облыстық ассамблеяда 11 этномәдени, аудандарда 6 этно бағыттағы бірлестіктер, 118 аналар кеңесі, 165 қоғамдық келісім кеңесі жұмыс жүргізеді. Сонымен бірге ғылыми-сарапшылық топ, медиация кабинеті, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы, депутаттық және кәсіпкерлер тобы, журналистер мен сарапшылар клубы, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, қайырымдылық бағытында үйлестірушілік және қолдау көрсету мен волонтерлік орталықтары жүйелі жұмыс атқарады.

Жыл басында басталған пандемия кезінде Ассамблеяның бастамасымен 5 мыңға жуық медициналық маска таратылып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына өкпені жасанды желдету аппаратын тарту еткен. Сонымен қатар, «Мың алғыс!» жалпыреспубликалық акциясы аясында 2 мың медицина қызметкеріне 12 миллион теңгенің көмегі көрсетілді. Жыл басынан бері 20 мыңға жуық адамға 130 миллион теңге көлемінде жәрдем берілген.

ПІКІР ҚОСУ

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=15&id=1261459
Пікірлер

Көрші сілтемелер