Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-0628711318864 %36 %
2019-12-071600666656 %44 %
2019-12-081301358870 %30 %

«Кітап оқып, рухани бай бол!» байқауы қорытындыланды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 11:00 - 2019/11/15


«Кітап оқып, рухани бай бол!» байқауы қорытындыланды

Ақтөбе облысында  «Кітап оқып, рухани бай бол!» байқауы қорытындыланды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған байқау 16 қазанда басталған болатын.

Шараның негізгі мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, кітапқа деген қызығушылық пен кітап оқу мәдениетін арттыру, оқырмандардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, қолдау көрсету және үздік көркем шығармаларды кеңінен насихаттау.

Байқауға 150-дей жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты. Бірінші кезеңі көркем шығармадан үзінділерді мәнерлеп оқып, бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялау арқылы өткізілді. Екінші кезеңіне іріктелген қатысушылар көркем шығармалардан бір кейіпкердің образын сомдады.

IMG_0220.JPG

Қорытындысында көш ілгері озып шыққан қатысушылар жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болды:

І орын – Алға ауданы, Тоқмансай НМ, 2 сынып оқушысы Елеусіз Шахризат;

ІІ орын – Байғанин ауданы, Қарауылкелді ОМ, 9 сынып оқушысы Мейрамбекова Ақерке;

ІІ орын – Ақтөбе медициналық колледжінің 2 курс студенті Әкімалы Айнадин;

ІІІ – Алға ауданы, Тоқмансай НМ, 3 сынып оқушысы Ермекбай Ақлима;

ІІІ орын – Ойыл аграрлық колледжінің студенті Нурбалиев Данияр.

«Байқауға қуана-қуана қатыстым. Себебі, мен кітап оқуды өте жақсы көремін. Әсіресе, А.Құнанбаевтың, М.Мақатаевтың өлеңдерін көп оқимын. Кітап оқыған адам білімді болады. Достарымды кітап оқуға шақырамын», - деді үздік танылған Елеусіз Шахризат.

Жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, І жүлделі орын алған жеңімпазға «Марвин» кітап дүкенінен ақшалай сертификат табысталды. Барлық қатысушыларға кітаптар сыйға беріліп, алғыс хаттармен марапатталды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ақтөбе облысында бірқатар шаралар атқарылуда. «Qazaq Epos» қоғамдық қорының бастамасымен өткізілген «Тұлпар мініп ту алған» байқауында да қатысушылар эпостық шығармаларды жатқа айтып, бақ сынаған болатын. Жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыратын мұндай шаралар әлі де жалғасын табады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1072172
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Қырынған соң... - Денса 7 min
Діндарлардың балаларына 12 min
Қазақстанда апта ішінде 24 min
Оңтүстік Африкада құрға 1 sagt
Қазақстандағы халық сан 1 sagt
Түбіртек бермейтін дүке 1 sagt
Зейнеп Ахметова: "40 с 1 sagt
Ешқашан батпайтын нәрсе 1 sagt
Алматыда "Қара майорды 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Одесса колледжіндегі өр 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Егер әлдекімнің шын сөй 1 sagt
Садриддин Ахмедов Хосе 1 sagt
Жылы әрі сәнді жүруге а 1 sagt
Қазақстандық стрит-арт 1 sagt
Алматыдағы бокс кешінде 1 sagt
Мен қашан да үйренуге д 1 sagt
Таразда латын әліпбиін 2 sagt
Балаға мейірбандықпен қ 2 sagt
Қар тазалауға кедергі к 2 sagt
Діндарлардың балаларына 2 sagt
Немқұрайдылық — жан-дүн 2 sagt
Ақмола облысы «National 2 sagt
Австралиядағы орман өрт 2 sagt
Дәстүрлі ән әуеледі 2 sagt
Көкшетаулық полицей ере 2 sagt
Қант қызылшасын жинауда 2 sagt
Садриддин Ахмедов арген 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt