Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Марат Оспановты еске алу кеші өтті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 16:30 - 2019/11/08

Нақты Көзі: http://turkystan.kz/article/89338-marat-ospanovty-eske-alu-keshi-tti


Марат Оспановты еске алу кеші өтті

Абай атындағы опера және балет театрында мемлекет және қоғам қайраткері Марат Оспановтың 70 жылдығына арналған еске алу кеші өтті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Марат Тұрдыбекұлы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің тұңғыш Төрағасы болды. Ол «Тұрақтылықтан өсуге» атты экономикалық бағдарламаны жазды, алғашқы Салық кодексін, Қазақстанның  тәуелсіздігі туралы Декларацияны әзірлеуге қатысты.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев құттықтау сөз сөйлеп, Марат Тұрдыбекұлының айрықша саяси көрегендігін атап өтті.

«Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне алғашқы төрағалық еткен кезінде Марат Тұрдыбекұлы терең білімін көрсетті. Сол бір ауыр кезде еліміздің сәулетті болашағы үшін жаңа заңдар қабылдау өте маңызды еді. Марат Тұрдыбекұлы өміршең заңдардың қабылдануына тікелей жауап берді және оларды дер кезінде жүзеге асыра білді», — деді Алматы әкімі Б. Сағынтаев.

Абай атындағы опера және балет театрының сахнасында №4 соқырлар мен нашар көретін балалар мектеп-интернатының халық аспаптары оркестрі Серік Нұртазиннің дирижерлік етуімен «Өрлеу» күйін орындады. №4 соқырлар мен нашар көретін балалар мектеп-интернатының түлегі Ерхат Тәжібаев «Дударай» әнін орындады.

І have nothing (Whitney Houston) әнін «Қазақстан дауысы» жобасының жеңімпаздары Дінмұхамед Дәулетов және Алена Когай айтты, Абай атындағы опера және балет театрынының  артистері және басқалар өнер көрсетті.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1069584
Пікірлер

Көрші сілтемелер