Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-151990658361 %39 %
2019-11-161216428648 %52 %
2019-11-17953306341 %59 %

лдықорғанда ІІ халықаралық дәстүрлі музыка фестивалі өтті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 16:10 - 2019/11/05


лдықорғанда ІІ халықаралық дәстүрлі музыка фестивалі өтті

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы басты бағыттардың бірі – «ЖаҺандық әлемдегі заманауи Қазақстан» бағыты бойынша 30-31 қазан күндері Талдықорған қаласында «Мәңгілік елдің – Мәңгілік сарыны» атты ІІ халықаралық дәстүрлі музыка фестивалі өтті.  Оған еліміздің  әр аймағынан және түбі бір түркі халқының Түркия, Якутия, Хакасия, Башқұрстан, Татарстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Монғолия сынды 9 мемлекетінен 50 жуық өрелі өнер иелері келіп қатысты. 

Қатысушылар құрамында Хакасия Республикасы, Руслан Габышев – Якутия, Азат Бекчурин – Башқұртстан, Талғат Хасенов – Татарстан, Ровшанжан Юнусов – Өзбекстан, Қазақстандық өнер майталмандары: Ерболат Шалдыбеков, Ұлжан Байбосынова, Қазбек Әдікеев, сонымен қатар «Ұлы көш» ансамблі – Қырғызстан, «Күлтегін» ансамблі – Моңғолия, «Адырна», «ХасСақ», «Қобыз сарыны» этно-фольклорлық ансамбльдері де бар.

Жетісу жұртына рухани азық сыйлаған мәдени шараны Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, халық шығармашылық орталығы ұйымдастырған.

Екі күндік фестивальдің алғашқы күні әр елден келген өнер дүлдүлдері Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінің білімгерлеріне түркі тілдес халықтардың ұлттық аспаптары мен жыршылық өнері жайлы шеберлік сағат өткізді.

2851487.jpg

Сонымен қатар  мәртебелі меймандар «Журналистер үйінде» арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, ізгі лебіздерін білдірді. Басқосуда сөз алған басқарма басшысы Марлен Қапашұлы жалпы өнерпаздарды келген қадамымен құттықтап, оларға толағай табыс тіледі.

Осымен бірнеше мәрте ұйымдастырылған бұл фестивальдің мәні зор. Фестивальдің басты мақсаты: барымызды бағамдап, жоғымызды түгендеп, ұлт мәдениетін ұлы деңгейге көтеруге күш салу, дәстүрлі  өнерді көпшілікке кеңінен насихаттау. Жастарға қолдау көрсетіп, қазақтың  сазды әуені арқылы әлемдік өркениетке қосқан үлесін паш ету. Ұлттық фольклорлық өнерді жандандыра түсуге ықпал етіп, ансамбльдердің репертуарларын дамыту болып табылады.

Фестиваль соңында қатысушылар бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды. ТҮРКСОЙ ұйымының Қазақстандағы арнайы өкілі Тұрғанбаев Асқар Әбдуалиұлы Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығы басшысына және фестивльда өнер көрсеткен барша өнерпаздарға «Алғыс хат» табыстады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1068213
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Шымбұлақта шаңғы маусым 2 min
БҚО-да автокөлік аудары 2 min
Елорда полицейлері бейн 12 min
Пневмонияның алдын алу 21 min
Ақмола облысында ауылға 22 min
Ақтөбе облысында ауыл ш 1 sagt
Шаруаларға берілген арн 1 sagt
Қазақстанда 18 қарашада 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Подагра жайлы білесіз 1 sagt
Алматыда «Ел үміті» атт 1 sagt
СҚО-да медициналық көме 1 sagt
Қымбат Жампейісова. Сүй 1 sagt
Долой перфекционизм 1 sagt
Әнел Сақыш бокстан Азия 1 sagt
UFC файтері салмақ өлше 1 sagt
ЕЛОРДАДА ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕ 2 sagt
17 қараша күні елімізді 2 sagt
Что такое прокрастинаци 2 sagt
АҚШ-та Әбіш Кекілбаевты 2 sagt
Қазақстанның екі өңірін 2 sagt
Димашты Жапониядағы жан 2 sagt
Көкшетауда «ВАЗ 2110» к 2 sagt
Микро-әңгімелер циклы | 2 sagt
Қытайда жер сілкінді 3 sagt
БАС МҮФТИ «ДОН» ҚОРЫМЫН 3 sagt
Қазақстан аумағының бас 3 sagt
Пойыздағы көрпе-төсек д 4 sagt
«Астана Су арнасы» кей 4 sagt
РУСЛАН АХМАҒАНБЕТОВ: « 4 sagt