Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Асқар Мамин Шавкат Мирзиеевпен кездесті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 18:30 - 2019/11/01

Нақты Көзі: http://turkystan.kz/article/88972-as-ar-mamin-shavkat-mirzieevpen-kezdesti


Асқар Мамин Шавкат Мирзиеевпен кездесті

 Ташкент қаласында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті, деп хабарлайды Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

«ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сізбен бірге Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты қатынастарды стратегиялық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шығаруға негіз салды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы саясаттың сабақтастығын сақтайды және екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударады», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы бүгінде Қазақстан–Өзбекстан қарым-қатынасы ынтымақтастықтың сапалы жоғары деңгейіне шыққанын атап өтті. Мұны барлық дерлік деңгейлердегі өзара әрекеттесу қарқыны дәлелдейді.

Келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, транзиттік-көлік, құрылыс, тоқыма, автомобиль жасау, мәдени-гуманитарлық, туристік және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша кең ауқымды мәселелер талқыланды.

2019 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ҚР мен ӨР арасындағы өзара сауда-саттық 25%-ға $2,6 млрд дейін өсті. Алдағы жылдары тауар айналымын $5 млрд дейін жеткізу жоспарда бар.

Ертең ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің (ҮБК) отырысына қатысады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1067028
Пікірлер

Көрші сілтемелер