Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-21812349637 %63 %
2019-09-2220475244 %56 %

Асқар Мамин Түркістанда салынып жатқан нысандарды аралады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 10:40 - 2019/09/12


Асқар Мамин Түркістанда салынып жатқан нысандарды аралады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың қысқа уақыт ішінде Арыс қаласындағы тұрғын үйлер мен нысандарды жылдам қалпына келтіру бойынша тапсырмасын орындау аясында қалада жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын тексерді, сондай-ақ Түркістан қаласының әкімшілік, тарихи-мәдени, әлеуметтік маңыздағы нысандарының құрылыс алаңдарын көрді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметтері бойынша, Арыс қаласында жөндеу жұмыстарының 99,3%-ы аяқталды. Нысандарда 134 құрылыс компаниясы, 3,8 мыңнан астам жұмысшы жұмыс істеуде және 211 арнайы техника тартылған.

Арыста 68 әлеуметтік нысан орналасқан (білім беру, денсаулық сақтау және спорт мекемелері), олардың 64-і – күрделі жөндеуді және 4-еуі – толықтай қалпына келтіруді талап етті. Бүгінде 62 нысанда жұмыстар аяқталды.

ҚР Үкіметінің басшысы «Арыс-1» темір жол вокзалының жөндеуден өткен ғимараты мен оның алдындағы скверді аралап көрді, «Арыс минералды су» қалпына келтірілген кәсіпорнына барды, Арыс қаласында үйлері толығымен қиратылған 100 отбасыға арналған 50 екі пәтерлі коттеджден тұратын жаңа шағын ауданның құрылысы барысымен танысты. Барлық үйлер аяқталу сатысында тұр, ішкі әрлеу жұмыстары және үй жабдықтарын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Асқар Мамин Арыс қаласындағы қайта салынған жеке үйлерге кіріп, олардың тұрғындарымен әңгімелесті.

Түркістан қаласында ҚР Премьер-Министрі болашақ халықаралық әуежайдың құрылыс алаңында болды. Жоба түріктің YDA Holding компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр. Терминалдың өткізу қабілеті жылына 3 млн жолаушыны құрайды. Нысанды келесі жылдың соңында пайдалануға беру көзделген.

ҚР Үкіметінің басшысына әкімшілік, әлеуметтік, тарихи және мәдени маңыздағы нысандар құрылысының барысы туралы баяндалды. Асқар Мамин әкімдік, медиа орталық, конгресс-холл ғимараттарын, «Нұр-Сұлтан» алаңын, Тұңғыш Президент саябағы, Олимпиадалық резервтің спорт мектебін, музыка мектебін, бассейні бар мектеп сарайын, неке сарайын, халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратын, сонымен қатар аттракциондары бар қалалық саябақты, музыкалық фонтанды, амфитеатр, салынып жатқан тарихи-мәдени орталықтың, келу орталығының, Шығыс моншасының, қалалық Арбаттың құрылыс алаңдарын аралады.

Жұмыс сапары барысында ҚР Үкіметінің басшысына Түркістан қаласын салудың Бас жоспары көрсетіліп, Түркістан облысында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар таныстырылды.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1046972
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Димаш Құдайберген Нұр-С 6 min
Қостанай облысында жемқ 12 min
Әуе билеттерінің қымбат 16 min
Тоқаев іссапармен Нью-Й 26 min
Қазақстанның кей өңірін 1 sagt
Жеңіс Қасымбек ҚР ІІМ-н 1 sagt
Мемлекет басшысы бірқат 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Жеңіс Қасымбек ҚР ІІМ-н 1 sagt
Мемлекет басшысы белгіл 1 sagt
Президенттік жастар кад 1 sagt
БҚО мектептерінде «Жас 1 sagt
Әлемде климаттың өзгеру 1 sagt
Елордада екі мыңға жуық 1 sagt
Түркістанда алғаш рет « 1 sagt
"Орталық - 2019" страте 1 sagt
Бокстан әлем чемпионаты 2 sagt
Маңғыстау облысындағы к 2 sagt
22 қыркүйек. Туған күн 2 sagt
Павлодарда асылып қалға 2 sagt
Бурабай әкімі мас күйде 2 sagt
Түркиядан Грекияға күн 2 sagt
"Оңай" картасы доллар б 2 sagt
Ақтөбе облысында үйден 2 sagt
500-ден астам солтүстік 2 sagt
Қазақстан Сенаторлары к 3 sagt
Мыңдаған алматылық жары 3 sagt
22 қыркүйек. ҚазАқпарат 3 sagt
Әблязовтың сыбайластары 3 sagt
Алматыда халық жазушысы 3 sagt