Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Букмекерлерді көшірсе, 8 мың қазақстандық жұмыссыз қалады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Bnews.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 10:27 - 2020/07/01

Нақты Көзі: https://kaz.zakon.kz/5030069-bukmekerlerd-k-sh-rse-8-my-aza-standy.html



Бәс тігетін орындар оқшау жерге көшірілсе 8 мың қазақстандық жұмысынан айырылып, бюджет жыл сайын 18 млрд теңгеден қағылады. "Ойны бизнесі туралы" заң жобасы күшіне енсе, салдары осындай болуы мүмкін. Парламент қабылдаған құжат Президенттің қол қоюына жіберілген. Егер қабылданар болса, еліміздегі барлық букмекерлік орындар Бурабай мен Қапшағайға көшірілуі тиіс. Алайда, мамандар, бұл шешімнің қауіпті екенін алға тартуда, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Өйткені, ең бірінші шағын және орта бизнестің айналасында жүргендерге соққы болып тисе, екіншіден дәл осы аймақтарда қылмыстың да өршитіндігін атап өтті. Сонымен қатар, құмар ойынға қызығушылығы барларды бақылау да қиынға түседі дейді.

Василий Лавлюченко, заңгер:

"Құмар ойынға әуес жандар Қапшағай мен Бурабайға бармайды. Олар үйлерінде отырып-ақ ғаламтор арқылы ойнай береді. Өйткені, қазіргі уақытта компьютер мен телефон болса жеткілікті. Сабылып түнді де букмекер кеңселерінде өткізбейді".

Күн сайын еліміз бойынша кемі 900 азамат бәс тігу үшін букмекер кеңселеріне ат ізін салады екен. Олар спорттық ойындарға ғана емес, өзге де жарыстарға қатысып жеңімпаз болуға ынтық. "Сондықтан, тек спорттық шараларға ғана ақша тігу деген мүлде дұрыс емес. Қазіргі уақытта тіпті олардың саны азайған. Заңды қайта қарап, кем-кетігін түзесе", дейді букмекерлер. Өйткені, мұндай қадамға бару бюджетке де әсер етіп, көлеңкелі кәсіптің өршуіне әкелуі әбден мүмкін екендігін алға тартты.

Арай Сағынтай, Қазақстан букмекерлер қауымдастығының төрайымы:

"Ғаламторда теріс пиғылды букмекерлер де бар. Олар қазақстандықтардың ақшасын оффшор арқылы шығарып алып отырады. Яғни, еліміздің салығына ешқандай қаражат түспейді, барлығы оффшорлы есеп арқылы жан-жаққа кетеді".


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=1&id=1211511
Пікірлер

Көрші сілтемелер