Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-06-16464218247 %53 %
2019-06-17595188948 %52 %
2019-06-18333109846 %54 %

Бәрі де адам игілігі үшін — «Ана тілі» Ұлт газеті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ана-тіл газеті

Жолданған уақыты: 02:00 - 2019/05/16



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан және Қызылорда өңіріне іссапармен барды.
Орал қаласының Оқушылар және жастар сарайында Батыс Қазақстан облысының жұртшылығымен кездесіп, өңірдегі атқарылып жатқан істерге тоқталды.

«Қазақстанның дамуына оң ықпалын тигізетін маңызды өлкеге ерекше көңіл бөлінеді. Облыстың географиялық жағдайы, табиғи байлығы мен өндірістік базасы өңірдің өркендеуіне қолайлы. Бүгінде Ақжайық аймағы біраз салалар бойынша елеулі жетістіктерге қол жеткізіп отыр» дей келе, Президент Жастар жылы аясында өңірдегі барлық ауданда дене шынықтыру және сауықтыру кешенін салу қажеттігін, тұрғын үй құрылысын дамытып, әлеуметтік жағдайы төмен көп балалы отбасыларды баспанамен қамту кезек күттірмейтін мәселе екенін баса айтты. Елдегі ауызсу мәселесі, тозығы жеткен электр желілері, са­пасы сын көтермейтін жергілікті жолдар да Мемлекет басшысының назарына ілікті. «Өңірдегі жол проблемасы әлі де күн тәртібінен түспей тұр. Облыстық маңызы бар жолдардың 70 пайызының сапасы сын көтермейді. Бұл азаматтардың күнделікті өмірінде қиындық туғызады, сонымен қатар өңірдің экспорттық және транзиттік әлеуетін төмендетеді. Елбасының тапсырмасына сәйкес, Орынбор тас жолын жөндеу жұмыстары, оңтүстіктегі – Казталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарында жол құрылысы басталғанын білемін. Үкіметке жергілікті әкімдікпен бірлесіп, 2021 жылдың соңына дейін осы жұмыстар­ды аяқтауды тапсырамын. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда болады» деп, жергілікті жол­дардың сапасын арттыру маңызды екенін атап өтті.
Ауылшаруашылығын өркендету мақсатында агроөндірістік кешенді дамыту, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй құрылысын арттыру, ауызсу мәселесін шешу, көлік-логистикалық әлеуетке баса назар аудару, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орнын ашу секілді бүгінгі күннің өзекті мәселелерін атап өтіп, қажет болса Үкіметпен бірлесіп, жүйелі түрде шешу қажеттігін тілге тиек етіп, әкімдерді халықпен бірге жұмыс істеуге шақырды. «Барлық деңгейдегі әкімдер азаматтардың өтініштеріне дер кезінде, кідіріссіз жауап беруі қажет. «Ашық әкімдік» жобасы – осы үшін жасалған алғашқы қадам. Мемлекеттік органдардың жұмысы «қызмет үшін адам» емес, «адам үшін қызмет» қағидатына бейімделуі керек» деді Мемлекет басшысы.
Президент Батыс Қазақстан өңіріне іссапары барысында «Орал» халықаралық әуежайының жұмысымен танысты. Әуежай терминалын қайта жөндеу Батыс Қазақстан облысында жайлы инвестициялық климат қалыптастырудың алғышарты екеніне тоқталды. «Орал – Еуропаға шығатын басты қақпамыз. Шетелдік инвестицияға тартымды болу үшін мұндай жобаны сапалы әрі уақтылы орындау керек» деді Қ.Тоқаев.
Индустриялық-инновациялық даму мем­лекеттік бағдарламасы аясында іске қосыл­ған Орал трансформатор зауытында, Орал қаласында биыл ашылған «Uniserv medical center» көпсалалы медицина орталығында, Орал ақпараттық технологиялар колледжінде болды. Сонымен қатар өңірдегі азық-түлік, жиһаз, құрылыс және жеңіл өнеркәсіп орындарының жұмысымен танысты.
Қызылорда өңірінің жұртшылығымен ­кездескен Мемлекет басшысы ­Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерді дамытуға арналған кешенді мемлекеттік бағдарламаның іске қосы­латынын атап өтіп, бұл аймақтардан түскен ұсы­ныстардың нәтижесі екенін жеткізді. «Ай­мақтағы азаматтардың жалақысын өсіру – Үкімет пен облыс әкімінің басты міндеті. Лайықты жалақы төлейтін жаңа жұмыс орындарын ашуға баса мән беру қажет. Бұл бағытта ірі кәсіпорындардың қуатын тиімді пайдалануды назарға алу керек» екенін атап өткен Президент шетел компанияларында жұмыс істейтін бауырларымыздың мүддесін қорғаудың маңыздылығын меңзеді.
Көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларды қолдау мақсатында облыста Әлеуметтік жол картасы іске қосылғанын, биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында білім, денсаулық сақтау, мәдениет, жол құрылысы салаларында құны 1,7 миллиард теңге болатын 60 жоба жоспарланғанын ескертіп, мұны дер кезінде жүзеге асыруды облыс басшысына тапсырды. «Суармалы жерлерде су тапшылығы бар. Сондықтан жаңа су қоймаларын салу қажет. Үкімет облыс әкімдігімен бірге аталған мә­селені шешу үшін маған нақты жұмыс жос­парын ұсынсын. Бүкіл ел бойынша ауыл ин­фра­құрылымын жаңғыртатын кез келді. Жергілікті жолдардың, су құбырларының, электр желілерінің, мәдени-спорт кешендерінің бәрі жаңаруы қажет» дей келе, Қызылорда өңірі ауылшаруашылығындағы әлеуетін жеткілікті деңгейде пайдалана алмай отырғанын айтты.
Экологиялық проблемаларға, әсіресе Арал проблемасына баса назар аударып, айналасына зиянын тигізіп отырған мұнай-газ және уран қалдықтары жөнінде сөз қозғады. Қуатты экономикаға қол жеткізудің маңыздылығына тоқталып, ірі цемент зауыты іске қосылғанын, «Шалқия» кен орнында қуатты комбинаттың құрылысы басталғанын, облыстағы шыны зауытының құрылысын аяқтау қажеттігін, «Бәйтерек» холдингі мен облыс әкімдігіне ­зауытты іске қосып, Қазақстанның алғашқы шынысын шығару маңызды екенін жеткізді. «Экология – қызылордалықтарды толғандыратын мәселенің бірі. Халық Арал тағдырына алаң­дайды. Елбасының бастамасы бойынша «Сырдария арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу» жобасы іске асырылуда. Осы жобаның және Көкарал бөгетінің арқасында Кіші Аралдағы су қалпына келді. Бұл балық шаруашылығын жандандыруға септігін тигізді. Тағы бір маңызды мәселе – бүгінде тұрғындарды мұнай-газ бен уранның зиянды қалдықтары алаңдатып отыр. Өңірдегі кәсіпорындарға жаңа технологиялар енгізіп, экологиялық қауіпсіздікті халықаралық стандарттарға сай ету қажет» деді Президент.
Мемлекет басшысы Қызылорда облысына сапары барысында «Рухани жаңғыру» орталығында, күріш өңдеу ісіне маман­дан­ды­рылған «Жан-Арай» агроиндустриялық ке­шенінде, Қызылорда қаласындағы көп салалы балалар ауруханасында болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Байқоңыр қаласының даму барысы мен «Байқоңыр» арнайы экономикалық аймағын құру жөніндегі тұжырымдамамен танысып, қаланың қазіргі ахуалы мен әлеуметтік-экономикалық даму барысына мән берді.
Қызылорда өңірінің жұртшылығы ­атынан ардагерлер, кәсіпкерлер, мұғалімдер сөз сөйлеп, ұсыныс-тілектерін жеткізсе, өз кезегінде ­Мем­лекет басшысы xалықтың әл-ауқатына қатысты мәселелердің барлығы жеке өзінің бақы­лауында болатынын айтып, жиынға қаты­су­шыларды Қызылорда өлкесін дамудың жаңа деңгейіне шығару үшін атсалысуға шақырды.
Екі өңірде болған кездесуінде де Мемлекет басшысы аймақ басшыларына тапсырма беріп, оның дер кезінде орындалуын назарға алуды тапсырды.

Бағдагүл Балаубаева
«Ана тілі»

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=9&id=995554
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар