Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-14457388527 %73 %
2019-07-15525205545 %55 %
2019-07-16433263247 %53 %

Айгүл БАЖАНОВА, сазгер: «Қош, махаббаттың» құпиясын ашпаймын



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжүніс мақалалары

Жолданған уақыты: 23:15 - 2017/06/08


_DSC2275

Алтын балалық

 

Айгүл БАЖАНОВА, сазгер:

 

 

«Қош, махаббаттың» құпиясын ашпаймын

 

Айдарымыз «Алтын балалық» болғандықтан, әңгімемізді туған жер,  балалық шақтан бастасақ…

–  Оңтүстіктің Созақ өңіріндегі Тәкен Әлімқұлов дүниеге келген Баба-ата ауылында туып-өстім. Анам Әтіргүл 11 құрсақ көтерген жан.  Сегізіміз бармыз, өсіп-жетілдік. Мен үйдің кенжесімін. Қарапайым отбасы болдық. Бірден сазгер болып туыла салмайсың ғой.  Кішкентайыңнан бойыңа сіңіріп, әнге әуес болмасаң, ән жаза алмайсың-ау… Бір радиомыз болды. Симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен Әбілахат Еспаев, Ілия Жақанов, Ескендір Хасанғалиев, Венера Қармысова, Нұрғали Нүсіпжанов, Бибігүл Төлегенова, Роза Бағланова секілді ұлы әншілеріміздің әндерін тыңдап, бойыма сіңіріп, әнге әуес болып өстім. Анамның суырыпсалмалығы бар. Екі ауыз сөзді қосып жіберіп, отырыстарда ән бастап жіберетін. Балаға интеллект анадан беріледі дейді ғой. Менің өсуіме ықпал еткен, күш берген, сенген, демеген, мәпелеген, өсірген, өнерге жетелеген, құштарлығымды оятқан жан. Музыкаға деген сүйіспеншілік анамнан келді деп ойлаймын. Анамның төрт жылдық білімі бар. Бірақ, ол кісінің оқығандарын мен оқыған емеспін. «Қан мен тер», «Көшпенділер», «Алмас қылыш» секілді жауһарларды, көркем әдебиетті көп оқыған, өте сауатты кісі. 13 жасымда ағаларым гитара сыйлады. Сол күні таңға дейін отырғаным әлі есімде. Оның алдында анам домбыра әкеліп берген болатын. Бәрі содан басталды.

–  Демек, ең алғашқы әніңізді де бала кезіңізде шығарған шығарсыз?

– Иә, солай, мектепте жүргенімде ана туралы ән шығардым. «Он төрт жасар сәбидің сөзі» деген үлкен резонанс тудырған ән болды. Сол әнді 1991 жылы домбырамен «Тамашада» орындадым. Сол кездері күніне бума-бума хат алатынмын. Кейбіріне жауап беріп, кейбіріне жауап жазбайтынмын. «Жұлдыз» ауруымен сол кезде ауырып кеткенмін ғой…

18953101_1356934047726971_5154500159762226464_nСабақты жақсы оқыдым. «4» алсам жылайтынмын. Ол кезде медальді өлшеп беретін. Бір ауданға – бір алтын. Мен бітірген жылы ол алтынды аудандық басшылықтағы бір кісінің қызы алу керек болған да, өмірі төрт алып көрмеген маған орыс тілінен төрт қойып, өзгертіп, күміс медаль берді.  Мектеп кезінде түрлі «походтарға» шығатынбыз. Мектепаралық, ауданаралық жарыстарда бірінші орын алатынбыз. Ауданнан бірінші орын алғандар облысқа жиналатынбыз. Киров ауданынан бір жігіт келді сол кезде. Суретті керемет салатын. Сол жігітті ұнатқанмын. Хат жазысып тұрдық. Ол кездегі махаббат сондай, одан әрі аспайсың. Кейін көрмедім. Бірақ, ол жігіттің мықты дизайнер болғанын естідім. «Гауһартас» фильмінде Тастан «Менің әйелімнің сұлу болуға қақысы жоқ» дейді ғой. Сол сияқты, мен ғашық болған адамның талантты болмауға қақысы жоқ… (күлді) Ол жігітке арналып «Балауса сезім» деген, тағы екі-үш ән дүниеге келді. Бірақ, жарыққа шықан жоқ. Қолға алмадым. Мектепті бітіріп, ЖенПИ-ге келіп, тыңдаудан өтіп кеттім. Төрт жыл оқығаныммен, түрлі себептермен аяғына дейін аяқтай алмадым. Бірақ, екі дипломым бар. Валеолог-биологпын және педагогикалық музыканы ақыры бітіріп алдым.

Өмірдегі, өнердегі ұстаздарыңыз кімдер?

– Мектепте Мадиярбек деген ұстазым болды. Концертімде төрт адам төрде отырса деп ойлап жүремін. Бірі, әрине анам. Кітапты көп оқуыма түрткі бола білді. Ол кезде құрбыларымызбен кітапты жарысып оқитынбыз. Мынаны оқып жатырмын, мынаны тауыстым деп көп пікірлесетінбіз. Жақсы көретін жазушым Бексұлтан Нұржекеевтің «Ерлі-зайыптылар» романын өзім 4-5 рет оқыдым-ау. Қатты қадірлейтінмін. Күнделік жазсам да, біреуге бірдеңе жазсам да парақтайтынмын. Мен үшін кітап бейнесіндегі мектеп. Жақсы көргеннен кейін болар, жақсы көретін адамдарыма беретінмін. Оның оқып біткенін аңдып жүремін. Аманат сияқты. Сосын оқып болған соң қайтып алатынмын. Он шақты адамға оқытқанмын. Бала кезімде радиодан Нұрғали Нүсіпжановтың әндерін сүйіп тыңдайтынмын. Өнердегі ұстазым санаймын. Әнімді орындаса деген арманым болған жоқ. Десе де, бұйыртып менің әнімді айтқалы жатыр.  Мұхтар Шахановтың өлеңдері мен әндері мен үшін гимн сияқты. Өткір, ешбір заңдылыққа бағынбайтын өлеңдері бар ғой. Осы жандарды ұстаз санаймын.

Әндеріңіз жайлы айтыңызшы. Бас-аяғы қанша әніңіз бар?

18922084_1356934157726960_4043449608584630719_n– Арасында осындай әндерім бар ғой деп іштей қуанып қалатыным болмаса, өзімді аса мықты сазгермін дей алмаймын. Әндерімді санамаппын. Екі телефон жоғалттым, көп әндерім кетті. Мен жазамын да қоя саламын. Қумаймын. Жаман әдетім бар сондай. Әндерім – менің баламдай, мен аналары сияқтымын ғой. Сол көзқараспен қарасам, менің балаларым қараусыз, жетім қалғандай көрінеді. Біреулер бір ән туса да, оны мәпелеп, аялап, әншілерге ұсынып, әйтеуір бір нәтиже шығарады ғой. Менде ондай жоқ. Салғыртпын осыған келгенде.

«Жалғыз досым» Бибісара деген кластас құрбыма арналған. Айнұр, Жанна төртеуміз бірге жүрдік. Мен оны, ол мені шығарып салатын. Екі үйдің ортасында жүретінбіз.1989-90 жылдары дүниеге келген ән. Он жылдан кейін «МузАрт» тобы құрылған кезде үлкен сахнаға алып шықты.  Институтта жүргенімде айтып жүретінмін. Көп әндерім солай ауыздан ауызға тарап кетті. Мейрамбек пен Тоқтармен жақсы араластық. Екеуі жатақханада отырып алып тыңдайтын.

– «Қош, махаббат!..» деп кіммен қоштасқаныңызды айта аласыз ба?

– «Қош, махаббаттың» құпиясы ашылмай кететін шығар… Адам жеке өмірін, ішкі дүниесін, таңдауын, 18951133_1356883971065312_1343426059077886527_nталғамын жұртқа жарияламай, құпия сақтауына қақысы бар деп ойлаймын. Ән болса да. Себебі, ән де менің ішімнен шыққан дүние. Жүрегімде сақталып тұрған құпиям басқа түгіл, өзіме ауыр болуы мүмкін. Сондықтан мен «Қош, махаббат» жайлы ешқашан ешкімге айтпаймын…Ол әнді өзім орындаймын деп әрлеуін жасатып қойған едім. Жалпы, өзімнің өзім айтамын деген әндерімді алып кетеді. «Етікші етікке жарымайды» деген сияқты. «Мына әнді мен айтамын» деді Ақбота. Ақбота айтамын деп тұрғанда қандай уәж айтамын?.. Мен үшін бірегей, ерекше жақсы көретін әншім. Мен де ол әнді жеткізуім мүмкін, бірақ дәл Ақботадай жеткізе алмас едім. Әннің бағы ашылды. Мен қуаныштымын. «Асыл ана» әнін де өзім жаздырып қойғанмын. Әндерімнің ішіндегі ерекшелері де сол ана туралы әндер. Сөздері де табыла кетеді. Соңғы кездері өлеңдерді оқып, содан әсер алып, әсерленіп, әндер дүниеге келіп жүр. «МузАрт» 2008 жылы жеке концертін бергелі жүргенде олар ән іздеп жүрді. Оның алдында ол әндерді тыңдаған. Мен әрлеуін жасатып, тыңдағаннан кейін Сәкен әнді айтатынын айтты. Сәкен айтамын деп тұрғанда қарсылық білдірмеймін ғой.

Бүкіл әндеріңіздің кейіпкерлері бар ма? Ойдан алынған ештеңе жоқ қой?

– Ойдан құрамайсың ғой енді. «Мен 20 жыл бойы бүкіл әнімді әйеліме арнадым» деп жатады кей сазгерлер. Көп болса, бір-екеуі арналар, қалғаны өтірік сияқты. Өнер адамында сезім болады. Сұлулыққа әсерленбесе, сезінбесе қалай ән шығады? Бәрі махаббаттан туады деп біржақты айту  да қиын. Барлық әндерімнің кейіпкерлері бар демес те едім. Бірақ, жүректі ауыртып  шыққан әндерімнің кейіпкерлері бар.

Әндеріңізге қаламақы аласыз ғой?

– Аламын. Өнер сатылмайды деген бар. Бірақ, өнер сатылмайтын болса, тегін ән айт, тегін концерт бер. Сол кезде біз де ән сатпаймыз. Дүние қусаң да, жетпейді. Сондықтан болар, мен әнді қуып жазбаймын, әдейілеп отырып жазбайтыным да содан.

Қандай әндер жазғыңыз келеді?

– Мен композиция жазғым келеді. Гитарамен, бес аккордпен алысқа бармаймын ғой. Ол үшін терең білім керек. Клавишті меңгеруім керек. Ондай арманым бар. Әндерімді «А-Студио», Лара Фабиан орындаса екен деп, кейде елестетіп көремін. Батырхан Шүкенов орындаса екен деген де арманым болған… Өзім орындаса екен деген әншілерге әндерімді бердім. «Заман» тобын, Бағым Мұхитденованы жақсы көремін. Бердім. Димаш Құдайбергенов алды бір әнімді.

Тыңдарман ретінде, әнші ретінде тағы кімдерді жақсы көресіз?

– Айгүл Иманбаеваның еңбекқорлығын қатты бағалаймын. Талантты адамдар көп, бірақ көбі жалқау. Баланс үшін солай болуы керек шығар деп те ойлаймын. Талантты адамдар өлермен болып кетсе, басқаларға мүмкіндік тумай қалар ма еді?.. Бір-екі жыл болды эстрададан алыстап кеттім. Дәстүрлі әншілерді тыңдап, көріп, араласып, олардың жанды дауыста шарықтатып, еркін айтатынын, орындау шеберліктерін көргеннен кейін көзқарасың өзгере бастайды екен. Эстрада әншілерінде сылтау көп. Жанды дауыста орындау үшін акустика нашар, дыбыс нашар дейді. Оларды реттемей-ақ дәстүрлі әншілердің дауыстары жер жарып жатыр ғой.18920131_1356884171065292_646291534588244016_n

Жанды дауыста концерт беріп жүргендер бар ғой. Мысалға, «МузАрт». Жақында Ғаділбек Жаңай берді.

– Иә, ол концерттерде болдым. Жанды дауыста айту тенденциясы біртіндеп болса да қайтып, көбейіп келе жатыр. Бәсекелестік соған алып келеді.  Қытайдағы ән байқауынан Димаш жарқ ете қалды. Басқалар  аяғын, демін тартып қалғандай көрінді маған. Ойланып, өз-өздеріне есеп бере бастаған сияқты. Және айтатыным, жалпы арлы адам жаман нәрсеге, ұрлыққа бармайды. Затты ұрласаң да, әнді ұрласаң да, екеуі де қылмыс. Сол нәрсені қою керек. Сосын әнді тегін алғысы келетінін, ән сатып алмаймын дейтіндер бар. Одан да өздері жанынан шығара салғанды, жеңіл, өтімді әнді жазса салғанды жақсы көреді. Майдаланып кеттік. Өнерде жүрген соң жанкештілік, өнерге деген сұмдық махаббат керек. Жан-жүрегің, тұла бойың өнер деп соғуы керек. Еленбей қалмайсың. Менің де бір адамдай дауысым бар. Әншілікті қумадым бірақ.

«91» тобы жайлы пікіріңізді білгім келіп отыр.

– Әндері өте  сапалы. Қазір ол топқа қарсы құр айқай көп екендігі рас.  Өнер де бір орында тұра бермей өсу керек, даму керек. Қатты шу болып жатқан кезде арнайы тыңдағанмын. Ұнады. Стилдерін өзгертіп, сырғаларын тақпай-ақ қойса, себебі ол менталитетімізге келмейді.

– Ол топтың көп аудитория жинауының құпиясы неде деп ойлайсыз?

– Себебі… себебін жүрегіммен түсінемін. Бірақ ауызбен сипаттама бере алмай отырғаным. Музыкалық бағыты, сапасы өте жақсы.

Әнді өзіңіз күткендей етіп орындамаған әнші болды ма?

(ойланып)… Айта алмай отырмын. Демек, болмаған. Негізі, менің әндерімді кім-көрінген сұрай да, айта да бермейді. Құдай өзі кешірсін, әнші деп қабылдамайтын адам менен ән сұрап келсе, бергім келмейді. Әндерімді аяймын, өнерді аяймын. Ол әншінің қалай шығаратынын, қалай айтатынын біліп отырамын. Ән жоқ екендігін айтамын, не 5000 $  деп бағасын асырып қоямын. Амал жоқ, сондай қулыққа көштік.

Сырыңыздың бәрін әнге айтасыз ба, кімге айтасыз?

– Сыр дегенің – сыр ғой. Ешкімге айтылмау керек, менің түсінігімде. Әйелде құпия болмаса, әйелдік қасиетінен айырылады дер едім. «Счастье любит тишину» деген ғой. Ешкімге ешнәрсе айтпаған дұрыс. Менің принципім сондай. Адам сырды не үшін айтады?  Бөлісу үшін, таяныш іздеген соң, болмаса ақталу үшін айтады. Менің ақталатындай ештеңем жоқ.  Егер күнәм болса, оны таразылайтын  бір Алла.

Мұңайған сәттерде өзіңізді қалай жұбатасыз? Ондай кездерде ән тууы мүмкін ғой?17155749_667433043463866_3176884779754773865_n

– Қолыма гитара аламын. Әрине, ән тууы мүмкін. Кітаптарды парақтаймын. Қалқаманның өлеңдері ән сұрап тұрады. «Асыл ана», «Анашым» деген өлеңдеріне ән жаздым. Жарас Сәрсек,  Бақытгүл Бабаш өлеңдерін, жалпы кездескен өлеңдерді оқып жүремін. Өзі көңілді жүретін, мұң мен лириканы өлеңіне құятын Айжан Тәбаракқызын оқимын. Ақын таңдамаймын.  Ән мәтіндеріне мән беремін. Өзі ұятқа қалғысы келмейтін сауатты әншілер де өлеңге де, орындалуына да мән береді.Әншілер де ән жазған кездерінде қастарында болғандарымды қалайды, мен де болуға тырысамын. Әнші ән айтып тұрған кездерде көңіл-күйі болмаса, ән басқаша шығады.

Театр, кинотеатрларға барып тұрасыз ба?

– Театрға көп болды бармағалы. Қазір, өкінішке орай, арзан, коммерциялық өтімді болып тұр. Киноны көру үшін де өре керек.

– Достарыңыз кімдер? Олар сізді іздей ме, әлде сіз оларды іздейсіз бе?

– Мен негізі ешкімді іздемейтін адаммын (күліп). Өздігімнен біреуді іздеп хабарласпайды екенмін. Өзіммен өзім жүре беремін. Бірақ, достарым бар, шүкір. Достарым үшін жан беретін адаммын. 10 не 20 жыл көрмесек те, айнымайтын тілеулес болып жүретін адамдар болады. Өйткені, олар сені, сенің жандүниеңді біледі, сатпайтыныңды, өзгермейтініңді біледі. Сенің болмысыңды таныған адам ешқашан достықтан кетпейді. Бір-бірінің бетінен шөп етіп сүйіп, қыдырып, артынан жамандап отыратын «құрбылар» болады. Ондайлар менде жоқ. Мен де ондай бола алмаймын. Сыйласып, мейрамдарда кездесіп тұратын достарым бар, шүкір.

Сатқындық көрдіңіз бе?

– Көрдім. Бірақ, кек тұтқан емеспін. Жақсылық көрсем де, жамандық көрсем де Алладан қайтсын деймін. Кешіремін. Бірақ, ары қарай араласа алмайтынымыз айдан анық. Адамның болмысы бәрібір өзгермейді.

– Анаңыз туралы айттыңыз. Әкеңіз жайлы айтыңызшы.

18952885_1356892567731119_6879948592037038688_n– Әкем мен 8 сыныпты бітірген жылы қайтыс болды. 14 жасынан еңбекке араласқан жан. Жұмыстан қабағы қатулы келсе, тырп етпейтінбіз. Дыбысымыз шықпайтын. Біріміз иығымызға сүлгі асынып, біріміз сабынын беріп, біріміз қолына су құямыз. Шешеміз тамағын дайындап қояды. Жантайып жатады. Тамағын жеп, шәйін ішіп терлей бастағанда жыбырлай бастаймыз. Ол кісі ұрмайды, ұрыспайды. Бірақ, сондай құрмет. Сол кездегі әкелердің бейнесі сондай еді, қазір майдаланып кеттік қой. «Әкең ұйықтап жатыр, тыныш», «әкеңнен сұра» дегенді шешемізден естіп өстік.  Әкем менің алғашқы жетістіктерімді көрді. Еркелетті. Алдына отырғызып алып ән айтқызатын. Өте ақкөңіл жан болатын. Қызық оқиғаларын бүкіл ауыл біледі. Жомарт. Үйге келген адамдарға үстіндегі пальтосын кигізіп жіберетін. Басқа пальтосы бар ма, жоқ па, шаруасы болмайтын.  Әкеме арнаған бірнеше әнім бар. Концертте соның бірін Индира Расылхан орындайды.

Қазір ұсақталып кеттік деп отырсыз ғой. Қазақ жігіттері қандай қасиеттерді жоғалтып алды?

– Әйелдермен салғыласатындары ұнамайды. Сосын біздер бәрін өз мойнымызға алып алдық та, оларға мүмкіндік бермей қойдық. Өзім төлеймін, өз ақшамды өзім табамын деп намыстанамыз. Сосын еркек те «жарайды» дейді ғой. Дегенмен, өте аз болса да, намысты жігіттер бар. Әйел нәзік болғанда ғана еркек оны қорғағысы келіп тұрады ғой.

Өнерде жүрген арулардың көбісінің өнерде бақтары жанғанмен, жеке өмірлерінде жалғыз. Себебі неде деп ойлайсыз?

– Өнер адамдарының ойлау жүйесі, өмір сүру салты, тұрмыс-тіршілігі  бәрібір басқаша. Ойлары ұшқыр, қиялдары биік. Алысқа кетіп қалады. Бірге болатын адамдар бірі-біріне емес, бір бағытқа қарау керек.

Отбасыңыз жайлы айтсаңыз.

– Жеке өмірімді де айта бермеймін. Көзімнің ағы мен қарасы – Арлан деген ұлым бар. Өз пікірі бар, айтқанынан қайтпайды. Оның да ойлауы басқаша. Ұлымнан көп нәрсе күтемін. Өте ақылды. Ұлым не керек 18921856_1356892617731114_6358663594536783556_nетеді, мен әрқашан қолдау жасауға дайынмын. «Ешқандай заңдылықпен өмір сүрме. Жүрегің не қалайды, соны тыңда» деп айтып отырамын. Себебі, бала біздің ойыншығымыз емес. Тағдырына араласпауымыз керек. Кей балалар ата-аналарының айтқанымен жүріп, іштей бақытсыз болуы мүмкін. Біз өмірге әкелуші, бағыт-бағдар беруші ғанамыз. Жақсы тәрбие беріп, жақсы жолға түсіріп, кәмелетке жеткенше материалдық қажеттілігін өтесек, ары қарай бала  өзі алып кетуі тиіс. Роза Әлқожаның сөзіне жазылған «Ұлым менің» әні ұлыма деген махаббаттан, толғаныстан туған дүнием. Бірде көңілім түсіп, қатты қиналып отырған кезімде мені жұбатып, ересек екенін көрсетіп, құшақтап, мені жұбатты. Отырып алып жыладым. Мені түсіне алатынын, ержеткенін, маған қамқор бола алатынын түсіндім. Сол сәтте ән шықты. Әр ана сияқты ұлымның амандығын, бақытты болғандығын тілеймін. Ашық, менімен сырласады. Солай үйреттім. Бірақ, оның территориясына бас сұқпаймын. Көзімнің қырын салып жүремін. Анау-мынау ессіздікке баратын жасөспірімдік кезеңнен өтіп кетті, ақыл толды. Ұлыма сенемін.

«Жақсы көрем» деп атаған кешіңізден не күтесіз?

– Қазір Талғардағы мәдениет үйінде сүйемелдеуші деген қызмет атқарамын. Концертімді күтіп жүрген өз тыңдармандарым бар. Бір жағынан, сексендегі анам қуансыншы деп, концертке тәуекел еттім. Баласының қуанышына әр ана қуанады ғой. Жарты зал отырса да, мені танымаса да, менің әндерімді өз деңгейінде бағалайтындар отырса деп ойлаймын. Қинағаннан құдай сақтасын. Келгенше ренжіп, көргесін келгеніне қуанып кететініне шүбәм жоқ. Әндерімді әншілер орындайды, өзім де 3-4 ән айтамын. Айгүл Иманбаева екеуміз «Махаббаттың бағасы» әнін дуэтте орындаймыз. Сосын Әділет Әбікенов, Иса Әлимұсаев деген жастармен жаңа әндердің тұсауын кесеміз.

–  Шығармашылық кешіңіз өзіңіз күткен деңгейден де жоғары өтсін, шығармашылығыңызға табыс тілейміз!

 

Әңгімелескен

Эльенора ӘМІР

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=8&id=785613
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


ХҚА еліміздің сирек кіт 6 min
Имамдарға оқыту курсы б 9 min
Намазда ықылық тисе, на 9 min
Бүркітбай Аяған: Ғылымғ 12 min
Ма чаушұй сыртқы істер 19 min
Арыс қаласында 1 172 үй 19 min
Ислам дінінде адамдар 3 24 min
Елордадағы үлестік құры 24 min
Оралда суға батуға әрек 29 min
СҚО-да учаскелік инспек 30 min
Өмірзақ Шөкеев комбайнм 1 sagt
KASE: Доллар бағамы тағ 1 sagt
Атырау тұрғындары төрті 1 sagt
Астанада аптап ыстықтан 1 sagt
Жяңсу: байлықтан бірге 1 sagt
Партя құрылысының негіз 1 sagt
Көкшетауда ең ұзын құра 1 sagt
Оралда қос бірдей жасөс 1 sagt
Британдық дәрігерлер си 1 sagt
Нұр-Сұлтаннан Шанхай ме 1 sagt
Ыстықкөлде жоғалып кетк 1 sagt
Димашпен салыстыру, өм 1 sagt
Хилұңжяң: емдеу арқылы 1 sagt
Оқу-ағарту істеріне таб 1 sagt
Тоқаев Мемлекеттік қызм 1 sagt
Астанада аптап ыстықтан 1 sagt
Бүрітбай Аяған: Ғылымға 1 sagt
Қазақстан ыстық десеңі 1 sagt
Ирак ДАИШ балаларын алы 1 sagt
Оралда туристер мінген 1 sagt