Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-141793576056 %44 %
2019-12-152986627364 %36 %
2019-12-161714683275 %25 %

Көкейде жүрген арман еді…



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжүніс мақалалары

Жолданған уақыты: 04:00 - 2017/01/22


Сәуле Әбединова, Сәуле Әбединова фотоҚадірлі ағайын!

Құрметті әлеумет!

Армандау бар да, сол арманның жүзеге асуы бар…

Қолыңыздағы журнал көптен бері көкейде жүрген арман еді…

Биік арманның алғашқы баспалдағына аяқ басқан жайымыз бар…

Сол арманның асқарына өздеріңізбен бірге жетейік!..

«Қайдасың? Неге көрінбей кеттің? Неге сол бағдарламаны қайта ашпайсың?..» деп көрген жерде сұрақтың астына алатын халықта әлі де есеп жоқ. Электронды поштама да осы мағынадағы хаттар толассыз ағылуда. Елдің осы іздеуі, сұрауы болмағанда, сона-а-ау бір жылдары көкейде жылт еткен арманымның мәңгілік арман болып қалуы да бек мүмкін еді.

«Журнал шығарамыз» деген хабар тарағалы жұрттан әртүрлі сұрақтар келіп түсуде. Солардың бірнешеуіне хал-қадерімше жауап берейін…

Мөлдір БЕГАЙДАРОВА:

– «Ақжүніс» журналын шығаруды 10 жыл бұрын армандапсыз. Енді кеш емес пе? 

– Иә, кезінде «Қазақстан» ұлттық арнасында «Ақжүніс» деген бағдарлама жүргені халықтың есінде. Ол бағдарлама эфирге шыққан уақыттан бері есептесек, 10 жыл аз уақыт емес. Көпшіліктің ықыласына бөленген сол телебағдарламаның жабылғанына да 6 жыл өтіпті. Дегенмен, «ештен кеш жақсы» демей ме? Оның үстіне, Шәкәрімше айтсақ, бұл «Ақжүніс» бұрынғы «Ақжүністен» өзгерек. Бұл журналды шығарғандағы мақсат – өткенді аңсау емес, болашаққа ұмтылу.

 Асқар АБДРАХМАНОВ:

– Журналыңыз «Ақжүніс» бағдарламасы сияқты көп халықты жинай алады деп сенесіз бе?

– Кезінде «Ақжүніс» бағдарламасы қазақтың сөзін сөйледі, қазақтың өмірін көрсетті: қазақтың жанына үңіліп, сырын тыңдады, жырын жырлады, жоғын жоқтап, мұңын мұңдады. Журналымызда да сол жолдан айнымаймыз. Сол себепті, қоғамдық-әлеуметтік бағытты таңдап, «Сіздің өміріңіздің айнасы» деген сөзді жазып қойдық. Әрине, телеэфир мен басылым аудиториясының мөлшерін салыстыруға келмес. Дегенмен баспасөз де – халық пен билік арасындағы дәнекер емес пе? Журнал да – халықпен тілдесудің, сырласып-сұхбаттасудың бір құралы, елдің көкейіндегі сөзін айтқызып, қоғамның әрбір мүшесінің өмірге деген, қоршаған ортаға деген өзіндік ой-пікірін жеткізетін мінбері. Осы тұрғыдан алғанда, оқырманымыз аз болмас деп сенемін…

Эльвира ЕРҒАЛИНА:

–       Журналды шығаруға не себеп болды?

– Біріншіден, халықтың сұранысы түрткі болды. Жоғарыда айтқанымдай, «Ақжүніс» бағдарламасы жабылғанына 6 жыл өтсе де, жұрт ұмытар емес. Телеарнаның 30 минуттық эфирін қимайтын басшылардың аузына қарап жүргенде уақыт та зымырап өтіп жатыр. «Телевидениеге қарап, иегім қышымай-ақ қойсын» деген ойға келдім. Журнал да – халықпен жүздесудің, елді сөйлетудің бір тәсілі.

Екіншіден, кез келген дүңгіршек немесе жайма базарларда самсап тұрған басылымдардың 90 пайызы – орыстілді өнімдер. Қазақ баспасөзі орыстілді БАҚ-тың астында көміліп жатыр. Осы тасқынға қарсы тұруға сәл де болса сеп болсақ деген ізгі ниет бар. Қазақстанда 2970 бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген болса, олардың 200-ден астамы – электрондық. Мерзімдік басылымдардың 453-і – қазақ тілінде, 2303-і орыс тілінде шығады. Бұған Ресейден келетін 5248 газет-журналды қосыңыз. Сонда ел аумағына таралатын баспасөз құралдарының 7551-і – орыс тілінде де, тек 453-і ғана – қазақ тілінде. Тіпті 500-ге де жетпейді. Бұл – Қазақстанда қазақ газет-журналдарының үлесі 6 пайызға да жетпейді деген сөз. Ал орыстілді басылымдардың саны қазақтiлдi газет-журналдардың санынан 16-17 есеге көп!  Қорқынышты ғой…

Әсем ҚАШАҒАНОВА:

–       Демеушіңіз бар ма?

– Таяуда бір танысым: «Журнал шығарғанда кімге сенесің? Демеушің бар ма?» – деп сұрады. «Бірінші – Құдайға сенем, екінші – өзіме сенем, үшінші – халыққа сенем» деппін. Дегенмен осы тұңғыш нөмірге Нұртай аға Сабильянов көмектескенін баса айтқым келеді. Демеушілік көмек көрсетемін дейтін аға-әпке, іні-бауырларымыз табылып жатса, нұр үстіне нұр…

Еңбек ету – бізден, еңбекті бағалау – сізден, қадірлі оқырман!

Журнал сапасының артуы тікелей өздеріңізге байланысты екенін ұмытпағайсыздар. Атсалысыңыздар!

«Ақжүніс-Астана» журналына жазылуға шақырамын!

Жазылу индексі – 74505

«Қазпошта» бөлімшелері арқылы жазылуға болады.

 

Құрметпен, 

«Ақжүніс-Астана» журналының бас редакторы Сәуле ӘБЕДИНОВА

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=8&id=706196
Пікірлер

Көрші сілтемелер