Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-071600666656 %44 %
2019-12-082923931263 %37 %
2019-12-091715700253 %47 %

Шымкенттегі өнер мұражайы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжүніс мақалалары

Жолданған уақыты: 13:30 - 2017/01/17


Шымкенттегі бейнелеу өнері музейіШымкенттегі бейнелеу өнері мұражайында алғаш рет құнды туындылардың көрмесі ашылды. Көрмеде  музей директоры алдағы уақытта халықаралық деңгейдегі байланыстар орнататынын мәлімдеді, – деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Алғаш ұйымдастырылып отырған көрме үш бағыттан тұрады. Бірінші бағыт – Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналып отыр. «Достық» суреттері сыр шертіп тұрған көрмеде түрлі ұлт өкілдері қылқалам шеберлерінің туындылары қойылып, бірлік пен ынтымақ, тұтастық идеясына топтасқан картиналар көпшілік назарына ұсынылды.
Екінші бағыттағы көрме Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған. «Аманат» бөлмесінде тарихи туындылар, батырлар мен жыраулар бейнелері, көшпенді елдің тұрмыс-тіршілігі суреттелген шығармалар қойылған. Ал көрменің үшінші бөлігіне құнды жәдігерлер топтастырылған. Яғни, осы уақытқа дейін еш жерде жарық көрмей қорда жатқан түпнұсқа картиналар тұңғыш рет көпшілік назарына ұсынылды.
Музейде құнды туындылар саны әзірге үш жүзден асады. 1939 жылдан бері бұзылмай сақталған суреттердің өнерсүйер қауымға ұнары сөзсіз. Сондай-ақ, алғашқы қазақ суретшісі Әубәкір Исмайловтың да суреттері көрмеден орын алды. Одан бөлек еліміз бен өңірімізге танымал М.Бараисов, Г.Пономаренко, О.Скородин, П.Природин, М.Қалдыбаев, А.Тұрсынов, Т.Тоғысбаев сынды ХХ-ХХІ ғасырдағы қылқалам шеберлерінің шығармалары қамтылған.
– Дәл осындай сәні мен салтанаты келіскен «Бейнелеу өнері музейі» республикамыздың өзге өңірлерінде некен-саяқ. Қазіргі таңда бейнелеу өнері музейінде 755 картина бар, олардың саны жыл санап артып, өңірдегі қылқалам шеберлері мен жас таланттардың шығармаларымен толыса бермек. Болашақта Германия, Ресей, Үндістан суретшілерімен мәдени байланыс орнату жоспарда бар, – деді музей директоры Айнабек Оспанов.

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=8&id=703558
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Мемлекеттік саяси кеңес 2 min
Ирактан қайтарылған бал 2 min
Елордада «Дарын» жастар 2 min
中国哈萨克语广播网 2 min
Оралда полицей қатысы б 8 min
Бүгін елордада қар таза 12 min
Танымал қазақстандық ау 12 min
Что нужно учесть перед 17 min
Шинжяң гәзетінде‹‹сәнді 22 min
Алланың рақымына бөлейт 22 min
Осы араны басып көріңіз 22 min
10 желтоқсан күні Қазақ 23 min
中国哈萨克语广播网 1 sagt
Гонконгта ұсталған қаза 1 sagt
Алматыда жазушыларға қо 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Шинжяң гәзетінде ‹‹кәсі 1 sagt
Гонконгте ұсталған қаза 1 sagt
Жаңа Зеландияда жанарта 1 sagt
Қазақстан мен Оман арас 1 sagt
Солтүстік Қазақстанда ө 1 sagt
Алматыда дизайн-код бой 1 sagt
Қарағанды облысында жыл 1 sagt
Жамбылда қалың тұман ке 1 sagt
«Қазислам» порталының ә 1 sagt
Жоңғар-Алатау ұлттық са 1 sagt
Тілек Ырысбек. Айнадағы 1 sagt
Жоспар. Жыл сайын 100 ж 1 sagt
Ресей спортшылары 4 жыл 1 sagt
Алдыңғы 11 айда елімізд 1 sagt