Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Аяқ-қолы протез мүгедек кірпіш құйып, отбасын асырап отыр-- Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықта



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжүніс мақалалары

Жолданған уақыты: 17:45 - 2020/02/28

Нақты Көзі: https://www.oinet.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=17031


Тағдыр тауқыметін басынан өткерсе де қиындыққа мойынсұнбай жүрген түлкібастық Қайрат есімді азамат  үлгі боларлықтай еңбек етуде. 

Кендірбаев Қайрат Жүнісұлы Шақпақ-баба ауылының тұрғыны. Отбасында 3 ұл, 3 қыз тәрбиелеп отыр. 

-1968 жылы Шақпақ-баба ауылында дүниеге келгенмін. Жастайымнан өмірдің ауыр тәлкегін басымнан өткердім. 1 топтағы мүгедекпін. Яғни, сол аяғым мен қолым және бір көзім жасанды протез-дейді ол. Бірақ тағдырдың бұл қатал сынына мойыған Қайрекең жоқ. Қазір ол бір қолмен құм кірпішін құйып, сатуда. Бұл кәсіппен 2017 жылдан бастап айналысып келеді. Кәсібін бастаған жылы 15 мың кірпіш құйған Қайрекең, өткен 2019 жылы тапсырыстың артуына байланысты кірпіш санының 30 мыңнан асқанын айтып отыр. Өйткені, Қайрекең бірінші кезекке кірпіштің сапасын алға қояды. Оны тапсырыс берушілер де айтып отыр.

ebc47943-952b-4e80-9a99-15c6a050ea61.jpg

- Кейде өздері түк істемей, мемлекеттен қол жайып көмек сұрай беретіндерге таңғаламын. Аяқ қолдары балғадай қазақтың ұл-қыздары еңбек еткілері келмейді. Содан соң, өздерін аянышты қылып, бізге еш жақтан көмек жоқ деген әңгіме айтады. Еңбек етем деген адамға бүгінгі таңда барлық жағдайлар жасалынған. Мен мысалыға, 2018 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы Шымкент қаласында кірпіш құюдың қыр-сырын қысқа мерзімді курс арқылы оқып, бүгінгі таңда құдайға шүкір кәсіптің арқасында бала-шағамның нәпақасын тауып отырмын.  

2017 жылға дейін 1 топ мүгедектікке берілетін жәрдемақыға қарап отырған Кендірбаевтар отбасында алға қойған мақсаттары жетерлік. Отағасының айтуынша алдағы уақытта мемлекет тарапынан гранттарға қатысып, бүгінгі кәсібін ұлғайтуды көздеп отыр. Өзінің туылып, өскен Шақпақ-Баба ауылынан құрылыстың әр-түрлі бағытына жарайтын кірпіш түрлерін дайындайтын цех пен өз өнімін көтерме бағада сататын құрылыс дүкенін ашуды жоспарлап отыр.

Айта кетерлік, Кендірбаевтар отбасының құйған кірпіштеріне сұраныс аудан аумағында ғана емес, сонымен қатар көршілес жатқан Жамбыл облысының Жуалы ауданында да артып отыр. 

          

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=8&id=1123549
Пікірлер

Көрші сілтемелер