Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Түркістанда миллион талап еткен бопсалаушылар ұсталды-- Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжүніс мақалалары

Жолданған уақыты: 16:45 - 2020/02/28

Нақты Көзі: https://www.oinet.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=17038


Түркістан облысында миллион талап еткен бопсалаушы ұсталды. Түркістан облысы ПД-нің криминалдық полиция басқармасына қорқытып алу жайты туралы жергілікті депода жұмыс істейтін Түркістан қаласының тұрғыны арызданған, деп хабарлайды zakon.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

1582874588_1582873151_41.jpg

Жәбірленушінің айтуынша, үш қызметкері бопсалау жолымен, оның қызметінде заңсыз деректерді БАҚ-дарына таратамын деп, миллион теңге талап еткен. Бұл дерек СДТТБТ-не ҚР ҚК-нің 194-бабы "Бопсалау" бойынша тіркелді. Арнайы операция барысында Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері, жылдам қимылдайтын арнайы жасақпен бірлесе отырып, үш күдіктіге 400 000 теңге беру кезінде ұсталды. Олар жергілікті тұрғындар болып шықты, күдіктілерден айғақты заттар тәркіленді.

1582874661_1582873117_51.jpg

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары "Бопсалау" бабымен жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Өз кезегінде, Түркістан қаласының тұрғыны Түркістан облысы ПД-нің полиция қызметкерлеріне бопсалаушыларды ұстау кезінде жеделдігі мен кәсібилігі үшін үлкен алғысын білдірді.

- "Мен қорқытып алушылық бойынша полицияға жүгіндім. Апта ішінде Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері қылмыскерлерді ұстады. Тәртіп сақшыларына рахмет!" - деп жәбірленуші полицейлерге алғысын білдірді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=8&id=1123454
Пікірлер

Көрші сілтемелер