Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Президент Асқар Жұмағалиевті қабылдады-- Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжүніс мақалалары

Жолданған уақыты: 16:15 - 2020/02/28

Нақты Көзі: https://www.oinet.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=17036


Ел президенті Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевті қабылдады, деп хабарлайды Baq.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

033e339fdbae4a09aa5570039cbca823.jpg

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, телекоммуникациялық инфрақұрылымды, инновациялық экожүйені және адами капиталды дамыту, экономика салаларын цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды.

Асқар Жұмағалиев мемлекет басшысына 250-ден асатын тұрғыны бар елді мекендердің барлығы осы жылдың соңына дейін жоғары жылдамдықты мобильді интернетпен қамтамасыз етілетінін жеткізді.

Сонымен қатар Қазақстан президентіне қалаларды цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Жұмағалиевке бірқатар нақты тапсырма берді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=8&id=1123418
Пікірлер

Көрші сілтемелер