Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Отандық актерлер қанша қаламақы алатындарын айтты-- Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар

Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжүніс мақалалары

Жолданған уақыты: 14:45 - 2020/02/28

Нақты Көзі: https://www.oinet.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=51&id=17021

Отандық танымал актерлар өз қаламақыларын жария етті. Өнер иелері бір киноға түсу үшін алатын гонорары шын мәнінде қанша екенін айтты. Вайнер Мейірхан Шерниязов бір рөлді сомдау үшін 15 мың доллар талап етсе, актер Дәурен Айдарқұлов бір миллион табысқа да риза болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ НТК арнасындағы "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

image.png

Қазақстандық киножұлдыздар өздерінің қыруар қаражат алатыны жөніндегі қауесеттерге жауап берді. Олар шын мәнінде алатын қаламақыларын жасырмай айтты.

"Он бес мың доллар. Содан басталады да, одан кейін ары қарап төмен түседі. Менің қоятын бір-ақ шартым бар. Менде ставка бір. Бір кішкентай сахнаға шақырдың ба, әлде толығымен басты рөлді сомдау керек пе? Бәрібір. Себебі, бізде сондай продюсерлік шешім бар. Сен түскен бір сәтті алады да, соны трейлерде көрсете береді. Сол үшін менде ставка бір деп айтамын" , - деді Мейірхан Шерниязов.

Ал атышулы Дәурен Айдарқұлов кино нарықтағы өзгерістерге қарамастан, бір бағаны ұстап келе жатқанын айтады.

"Кейбір кісілер гонорарларым Алматы қаласында осыншама дейді. Сыртқа шықса басқаша деп айтады. Менікі әзіргі уақытқа дейін жалпы бүкіл Қазақстан аумағында гонорарым сол бірқалыпты болып келе жатыр. Бір миллион" , - деді актер.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=8&id=1123296
Пікірлер

Көрші сілтемелер