Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Өзін көріпкелмін деп таныстырған әйел Ресейден келген алаяқ болып шықты-- Қазақстан және әлемдегі с



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжүніс мақалалары

Жолданған уақыты: 14:30 - 2020/02/28

Нақты Көзі: https://www.oinet.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=17027


Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғындарына өзін көріпкелмін деп таныстырған бейтаныс әйел Ресейден келген алаяқ болып шықты.  Бүгін, оны елден шығарып жіберу туралы сот үкімі шықты, деп хабарлайды zakon.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

maxresdefault.jpg

Айыртау ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері Мамлют ауданындағы әріптестерімен бірлесіп 81 жастағы ауыл тұрғынының алдануына қатысты алаяқтықты анықтады.

Бейтаныс әйел ауыл тұрғындарының үйіне барып, көріпкел ретінде өзін таныстырған. Бір зейнеткердің 400 мың теңге көлемінде ақшасын алдап алған. Аталған факті ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы “Алаяқтық” бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

- Облыс ауылдарын аралап жүрген алаяқ емші, оқиға орнынан тез ізін суытып отырған. Сол себепті облыс бойынша оған іздеу жарияланып, нұсқаулық берілді. Алаяқ әйел ақыры Мамлют ауданында ұсталды. Күдікті 1983 жылы туған Ресей Федерациясының азаматы болып шықты. Ол өз кінәсін мойындап, шығынды өтеп, зейнеткерден кешірім беруін өтінген. Тергеу барысында шетелдіктің әр үйге кіріп тұрғындарға әртүрлі сылтаулар айтқаны белгілі болды. Біріне көріпкелмін деп таныстырып, біріне әртүрлі ұсыныстар білдіріп, алдаған. Көші-қон қызметі оның әрекетін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабы бойынша “Қоғамдық орындарда тиісу” деп бағалады. Осы баптың 3-бөлігі шетелдік не азаматтығы жоқ адам жасаған әрекеттер – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады. Бүгін көріпкелді ҚР-нан шығарып жіберу туралы үкім шығарылды, - дейді Айыртау ПБ бастығының орынбасары Григорий Лукьяненко.

Жыл басынан бері СҚО-да 178 алаяқтық тіркелген. Осы түрдегі 110 қылмыс ашылды, оның бір бөлігі өндірісте.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=8&id=1123279
Пікірлер

Көрші сілтемелер