Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Сәкен Майғазиев: «Ең бастысы құдам жақсы болса болды»-- Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжүніс мақалалары

Жолданған уақыты: 13:45 - 2020/02/28

Нақты Көзі: https://www.oinet.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=51&id=17019


Отандық белгілі әнші Сәкен Майғазиев ерекше мәлімдеме жасады. "Ұлыма қалыңдық іздеймін", - дейді әнші. Бұл туралы ол Ревью жаңалықтарына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz. 

e43706d8-f7ec-43b4-9017-405d2b07eb47.jpg

Сәкен ағамыз "Тақиялы періштедегі" Әмина апамызға ұқсап келін іздеуді әлдеқашан бастап кеткен. Ертерек немере сүюді қалап жүрген әнші бұл тақырып төңірегінде ұлы Әділетке айтып, құлақ етін жейтін көрінеді. 

- Ең бастысы адал жар кездессе. Біреуге ерте келеді махаббат. Біреуге кеш келеді. Ең бастысы құдам жақсы болса екен. Құдағиым жақсы болса екен деген тілек, - дейді Сәкен Майғазиев. 

Ұлы Әділет ата-анасы таңдаған қалыңдықты алуға уәде берген. Ендігі кезекте, жақсы қалыңдық таңдауды басты міндет етіп алған әнші бұрымды қыздары бар құрдастарының бәріне құда деп жүрсе керек. Алайда, бұл сөзді айтуға әншінің жары қарсы болып, Сәкен ағамыз көрінген кісіге құда деуді доғарған сыңайлы. 

- Балаға ұнай ма, ұнамай ма? Құда деп сіз айтқанымен ол бола салмайды. Екі жақ бір-бірін ұғынысуы бар. Дәмелендірмеңіз деп айтқаннан кейін барып көп жерлерде іштей тынатын болдым. Керемет қыз екен келін болатын деймін де қоямын, - дейді әнші.   

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=8&id=1123235
Пікірлер

Көрші сілтемелер