Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Тәулік сайын қанша су қолданамыз? – Астана Ақшамы



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 13:00 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/taulik-sajyn-qansha-su-qoldanamyz/


Тәулік сайын қанша су қолданамыз? – Астана Ақшамы

Астана су арнасы» МКК орталығы зертханасының бастығы Уәсила Әуезова елордалықтардың тәулігіне қанша тонна су қолданатынын айтты. Оның айтуынша, астаналықтар тәулігіне 280 тонна су пайдаланады. Сонымен қатар ол халықаралық стандарт бойынша аккредитациядан өткен зертхана тек елорда ғана емес, басқа да өңірлердің суына талдау жасауға қауқарлы екенін атап өтті.«Зертхана жапон мен немістің заманауи технологияларымен жабдықталған. Мамандар қалаға беріліп жатқан судың құрамына талдау жасап, микробиологиялық, вирусологиялық, химиялық құрамдарын, сапасын тіпті әр сағат сайын тексеріп отырады» деді зертхана бастығы. «Есіл өзенінің жоғары жағынан келетін су мен «Астана» су қоймасының және жаңбырдың, қардың суы қосылып, «Астана су арнасының» су қоймасы толықтырылып отырады. Тек 2013 жылы ғана қалада судың тапшылығы болды. Одан бері жаңбыр да, қар да көп жауды. Бүгінде су қоры жеткілікті. 450 млн текше метрді құрайтын кәсіпорынның су қоймасы қазіргі уақытта толып тұр. Су мөлшері көп жұмсалатын уақыт – мамыр, маусым, шілде айлары. Бұл уақытта жекеменшік секторлардағы үйлер бау-бақшаларын суарады, көлік жуу орындары да суды көп қолданады. Сол кезде өте көп мөлшерде кететіндіктен, біздегі екі су сорғыш та 100 пайыз жұмыс істейді. Қалаға берілетін судың бәрі су сорғыштар арқылы өтетіндіктен, көктем-жаз айларында электр энергиясы да көп жұмсалады. Бұл үдеріс 15 тамыздан кейін ғана біраз саябырлайды. Ал қыстың күндері қордағы су да, электр энергиясы да біршама үнемделеді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1385483
Пікірлер

Көрші сілтемелер