Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Елорда әкімін қабылдады – Астана Ақшамы



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 12:15 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/elorda-akimin-qabyldady/


Елорда әкімін қабылдады – Астана Ақшамы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдап, бірқатар тапсырма берді.Президентке елордадағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және вакцина салу шаралары жөнінде мәлімет берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтар коронавирусқа қарсы екпені тезірек алған жағдайда ғана қоғамдық орындарда бір-біріне қауіп төндірмейтінін, бизнес жандана түсетінін, қызметкерлердің жұмыс орындарына алаңдамай баруына және халықтың қалыпты өмірге қайта оралуына толық мүмкіндік болатынын айтты.
Президент тұрғындарға вакцина салуды уақытылы және жаппай ұйымдастыру, эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстап, халықтың денсаулығын сақтау жөнінде қала әкіміне тапсырма берді.
Мемлекет басшысына қаладағы халық санының артуына байланысты білім беру ошақтарын салу арқылы үш ауысымдық мектептердің мәселесін шешу, кезекте тұрған азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бойынша ақпарат берілді.
Сонымен қатар ­Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әкіміне қаланы газдандыру мәселесін шешуді, инвестиция тартуды, Жұмыспен қамту жол картасын тиімді жүзеге асыруды, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуді тапсырды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1385449
Пікірлер

Көрші сілтемелер