Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Жоба жалғасын тапты – Астана Ақшамы



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 11:30 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/zhoba-zhalghasyn-tapty/


Жоба жалғасын тапты – Астана Ақшамы

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы 2021 жылы «Алғашқы жұмыс орны» жобасын ұйымдастыруға қатысу үшін өтінімдерді қабылдауды жалғастырып жатыр.

Барлық меншік нысанындағы кәсіп­орындар мен ұйымдар, соның ішінде салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды жүйелі жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмысқа орналастыруды ұйымдастырады. Бағдарламаға мына санаттағы азаматтар қатыса алады: алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектер, жұмыс іздеп жүрген адамдар, 29 жастан аспағандар, оның ішінде NEET санатындағы жұмыс тәжірибесі жоқ жұмыссыздар. Толық ақпарат және қажетті құжаттар тізімі бар өтінім бланкі орталықтың www.cz.astana.kz ресми сайтында орналастырылған. Өтінімді egov.kz – электрондық үкімет порталы арқылы беруге болады. Кез келген сұрақтар бойынша келесі мекенжайға хабарласуыңызға болады: Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік к-сі, 25 («Өркен» БО) 2-қабат, 202/2-кабинет, тел. 72-93-56; 57-88-86.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1385414
Пікірлер

Көрші сілтемелер