Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ерекше ота жасады – Астана Ақшамы



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 10:30 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/erekshe-ota-zhasady/


Ерекше ота жасады – Астана Ақшамы

Бас қаладағы №2 көпбейінді қалалық ауруханада жүргізілген ерекше операция нау­қастың өмірін сақтап қалды. Аталған емдеу орнының хирургия­лық инфекциялар мен колопроктология бөлімшесінің хирургтері Кения-Майлс­тың бірегей операциясын, тік ішектің іш-перинальды экстирпациясын жасады.Пациент Б. 10 күн бойы өзін нашар сезінген. Ішегінен қан кетіп, қан қысымы 70/40 мм рт ст болған. Жағдайы нашарлай түскен науқас ауруханаға Жедел жәрдем қызметі арқылы түскен. Қабылдау кезінде оған Колоноскопия жүргізіледі. Сөйтіп пациентте тік ішектің циркулярлық қатерлі ісігі анықталады. Өлім аузында жатқан пациентті онкологиялық орталыққа ауыстыру мүмкін болмапты. Сол себепті шұғыл түрде Нұр-Сұлтан қаласының штаттан тыс хирургі Батыр Айтмолдиннің басшылығымен консилиум өткізіледі. Соның барысында осы қалалық аурухана базасында пациентке ота жасау туралы шешім қабылданды. Хирургтер бригадасы – директордың хирургиялық көмек жөніндегі орынбасары Батыр Айтмолдин және хирургиялық инфекциялар мен колопроктология бөлімшесінің меңгерушісі Жомарт Жалғасбаев 3 сағат бойы осы күрделі операцияны жасап, науқастың өмірін сақтап қалды. Батыр Айтмолдинұлының айтуынша, бұл операция аталған аурухана жағдайында колоректальды қатерлі ісікпен ауыратын науқастарға операция жасауға олардың дайын екендерін түсінуге мүмкіндік берді және жақын арада стомацияланған науқастарға арналған кабинет ашылатын болды. Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы жақсы, ол ажал аузынан алып қалған ақ халаттыларға алғысын жаудырып жатыр.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1385373
Пікірлер

Көрші сілтемелер