Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Екпеге еgov.kz арқылы жазыла аласыз – Астана Ақшамы



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 10:15 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/ekpege-egov-kz-arqyly-zhazyla-alasyz/


Екпеге еgov.kz арқылы жазыла аласыз – Астана Ақшамы

Қазақстанда халыққа ыңғайлы болу үшін биыл 8 сәуірден бастап «электрондық үкімет» порталында «вакцинацияға жазылу» қызметін іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы кеше ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау минис­трі Алексей Цой хабарлады.Эпидемияға қарсы күрес пен іскерлік белсенділікті сақтау арасындағы теңгерімді ұстау үшін елде цифрлық технологиялар белсенді енгізілетін болады. Сөйтіп вакцинацияланған тұлғалар туралы есепке алу және мониторинг жүргізуге «Антиковидті паспорт» әзірленді. Денсаулық сақтау министрлігі «электрондық үкімет» порталында «вакцинацияға жазылу» қызметін іске қосуды жоспарлап отыр. Ол үшін азамат «электрондық үкімет» порталына авторизациялануы және өтінім беруі қажет, онда тек тіркеу аймағы бойынша медициналық ұйымды көрсету қажет болады, содан кейін өтінім медициналық ұйым қарауына жіберіледі. Медициналық ұйым вакцинация жүргізу уақытын көрсете отырып, өтінімдерді бөледі. Бұдан соң азамат «электрондық үкімет» порталында медициналық ұйымға баратын күнді және уақытты көреді, сондай-ақ қосымша SMS хабарлама алады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1385360
Пікірлер

Көрші сілтемелер