Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Әйелдерге арналған ипотека – Астана Ақшамы



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 07:30 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/ajelderge-arnalghan-ipoteka/


Әйелдерге арналған ипотека – Астана Ақшамы

Еліміздің тұрғын үй нарығында әйелдерге арналған ипотекалық бағдарлама іске қосылады.Алдын ала берілетін тұрғын үй қарызының мөлшерлемесі – 12 пайыз. Алғашқы жарнасы – 50 пайыз. Қарыз 25 жылға беріледі.
Бағдарламаның негізгі шарты – қарыз алатын отбасының бюджеті 320 мың теңгеден аспауы керек. Аталған сомаға зейнетақы салымдары мен салықтар кірмейді. Бағдарламаға жұмыс істейтін әйелдер және 65 жасқа дейінгі зейнет­керлер қатыса алады. Банк екі қосымша салымшыны тартуға рұқсат береді.
«Мысалы, тұрғын үйдің құны 10 млн тұрады делік. Егер отбасының табысы 200 мың теңгеге дейін болса, қарыз алушының қолына баспана құнының 85 пайызы беріледі. Егер табысы 320 мыңға дейін болса, баспана құнының 80 пайызы беріледі. Қалған сома: 1,5 немесе 2 млн теңге адамның өзінің қолында болуы тиіс» деп түсіндірді шарттарды Отбасы банктің тұтынушылармен жұмыс бөлімінің жетекшісі Жанар Жанмұрзина.
Аталған ипотеканы жаңа үйлерден, екінші нарықтағы ескі үйлерден сатып алуға, баспанаға жөндеу жұмыс­тарын жүргізуге болады. Бағдарламаға қатысушылар өтініш жазып, Отбасы банктен шот ашады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1385267
Пікірлер

Көрші сілтемелер