Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қауіпті аймақтар –ұдайы бақылауда – Астана Ақшамы



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 06:30 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/qauipti-ajmaqtar-udajy-baqylauda/


Қауіпті аймақтар –ұдайы бақылауда – Астана Ақшамы

Нұр-Сұлтан қаласында су басу қаупі бар 29 учаске анықталды. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда 8 учаскеге аз. Кеше су тасқынына қарсы шараларға арналған онлайн брифингте осыны айтқан қалалық Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Сыздықов пен қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Есен Байыров қазіргі жағдаймен таныстырды.Е.Сыздықовтың айтуынша, елорда аумағында су тасқынының алдын алу бойынша кешенді жоспар бекітілді. Оған дайындық өткен жылдың қазан айында басталып, аудандық комиссиялардың дербес құрамы бекітілді.
– Қаланың барлық тұрғын алаптары, соның ішінде «Ильинка», «Өндіріс», «Көктал-1», «Көктал-2», «Железнодорожный», «Пригородный» және «Оңтүстік-Шығыс» тұрғын алаптары ескерілді. Су тасқыны қаупі бар 29 учаскені азаматтық қорғау органдарының тобы тұрақты бақылауда ұстап отыр. Құрамына 200-ге жуық адам кіретін коммуналдық қызметтер мен техникалық құралдар сақадай сай тұр. Оған 130-дан астам техника және 20-дан астам сорғы станциялары бекітілген, – деді Е.Сыздықов.
Оның мәліметінше, 2021 жылдың 7 сәуіріндегі жағдай бойынша аудан әкімдіктері қала аумағынан 7 млн текше метрге жуық қар шығарып, 180 мың текше метрге жуық еріген қар суы сорылды.
– Күн сайын «Астана» су қоймасына мониторинг жүргізіледі. Есіл өзені мен Сарыбұлақ арнасының жағалауын нығайту, түбін тереңдету және түзету, Майбалық көлінен Нұра-Есіл арнасына дейін су бұру каналын орнату жұмыстары жалғасып жатыр, – деді Е.Сыздықов.
Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Есен Байыровтың айтуынша, азаматтық қорғау органдарының жеке құрамынан 663 адам және 185 техника су тасқынына дайын. Департамент қыз­меткерлері алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінгі күні 16 рейдтік іс-шара өткізіп, 1500-ден астам үйді аралаған. Төтенше жағдайлар департаменті Білім басқармасымен бірлесіп, қардың еруі және мұздың жарылуы кезеңінде жасөспірімдер мен балалар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында 1500-ден астам адамды қамтитын интерактивті сабақ өткізген.
Алдын ала консультативтік гидрологиялық болжамға сәйкес, сәуір айының бірінші онкүндігінде елордада жауын-шашын болып, күндіз +100С және түнде +20С тұрақты және оң ауа температурасы орнығады деп күтілуде.
«Қазгидромет» РМК ақпаратына сәйкес Есіл өзені бассейнінің ауданы 5 300 км2 құрайды. 2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қардағы су қоры – 77 мм (2020-6 мм). Жинақталған ылғал қорының көлемі – 408 млн м3. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,6 есе көп (2020 – 30 млн текше метр). Топырақтың қату тереңдігі – 92 см. Бұл 2020 жылға қарағанда үш есе көп.
Су тасқыны зардаптарының алдын алу және жою үшін «Астана Тазалық» ЖШС базасында 12,6 тонна инертті материалдар қоры, 3,5 мың қап дайындалды. Тамақ және жанар-жағар май жеткізуге 3 келісім жасалды. Төтенше жағдайлар кезінде халықты қоныстандыру бойынша 4 қонақүймен өткен жылы жасалған келісімдер жаңартылды және 1500 адамды құрайтын 10 уақытша орналастыру пункті дайындалды.
Е.Байыров төтенше жағдайлар мен жарақаттануға жол бермеу мақсатында қала тұрғындары мен кәсіпкерлік нысан иелеріне өздеріне тиесілі аумақта су тасқынына қарсы іс-шараларды уақытылы өткізуді ұсынды. Соның ішінде шатырлар мен шатыр күнқағарларын қар мен мұздан тазалауды, үй маңындағы және іргелес аумақтағы жаяу жүргіншілер мен тротуарлық жолдарды тазартуға кеңес берді.
– Механикаландырылған тазалау жұмыстарын жүргізу үшін жеке тұрғын үйлердің тұрғындарына қарды жол жиегіне шығаруды ұсынамыз. Бұл іс-шаралар су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді, – деді Е.Байыров.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1385251
Пікірлер

Көрші сілтемелер