Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Куәліктерінен айырылды – Астана Ақшамы



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 03:30 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/kualikterinen-ajyryldy/


Куәліктерінен айырылды – Астана Ақшамы

Өткен демалыс күндері елордада көлікке мас күйінде отырған жүргізушілер құрықталды. Сот шешімімен оларға қатысты тиісті жаза тағайындалды.

Күн сайын полицейлер жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында мас жүргізушілерді анықтау рейдтерін өткізеді. «Сәтбаев көшесі бойында түнгі сағат 2-лер кезінде «Hyundai» маркалы автокөлігін тоқтатты. 29 жастағы қыздың куәлігін тексеру кезінде көлік салонынан алкоголь иісі сезілген. Көлік жүргізушісі медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан ол ереже талаптарын бұзды. Осы факті бойынша ол полицияға жеткізілді» делінген хабарламада. Әкімшілік соттың шешімімен көлікті мас күйінде басқарғаны үшін жүргізуші 15 тәулікке уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар ол 8 жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылды. Келесі күні Арай көшесінде «ВАЗ» маркалы көлігі тоқтатылып, оны мас күйінде тізгіндеген 38 жастағы тұрғын ұсталды. Медициналық куәландыру нәтижесінде жеңіл дәрежеде масайғаны анықталды. Сот отырысында жүргізуші өз кінәсін мойындады. Сот шешімімен ол 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1359129
Пікірлер

Көрші сілтемелер