Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Абайға қарап ой да, бой да түзейміз – Астана Ақшамы



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 02:00 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/abajgha-qarap-oj-da-boj-da-tuzejmiz/


Абайға қарап ой да, бой да түзейміз – Астана Ақшамы

«Былтыр елімізде Абайдың 175 жылдығы кеңінен аталып өтті. Соның аясында ауқымды жұмыс атқарылды» деп жазды Сенат төрағасы Facebook жеке парақшасында.

«Дегенмен ұлы ойшылдың өсиеттерін дәріптеу жолында бір жылмен шектеліп қалуға болмайтыны түсінікті. Өйткені біздің ұлттық болмысымыз бен дүниетанымымыздың қалыптасуында хакім Абайдың рөлі ерекше. Біз бойымызды да, ойымызды да Абай сөздеріне қарап түзейміз. Сондықтан ақын мұрасын дәріптеу, әсіресе, оны өскелең ұрпақтың санасына сіңіру қашанда маңызды.
Осы орайда елордамыз­дағы Музыкалық жас көрермен театрының игілікті ісін ерекше атап өткім келеді. Таяу­да аталған өнер ордасында «Абай-Тоғжан» қо­йылымын тамашалап, керемет рухани кештің куәсі болдым. Бұған дейін көбіне ақынның ұлғайған шағын көріп келсек, бұл жолы біз жас Абайды көрдік. Оның кемеңгер болып қалыптасуының алғашқы кезеңдеріне үңілдік. Ақын лирикасының бастауына назар аудардық. Сол себепті аталған спектакльді абайтану іліміне тың серпін берген туынды деп қабылдаймын.
Шын мәнінде, ойшылдың өмір жолы – күреске толы күрделі жол. Оны Абай мен Тоғжанның махаббатынан да аңғару қиын емес. Сондай кезеңдер ақын философиясының қалыптасуына үлкен әсерін тигізгені сөзсіз. Қо­йылымда соның бәрі ерекше тапқырлықпен суреттелген» дейді Мәулен Әшімбаев.
Сенат төрағасы Музыкалық жас көрермен театры­ның ашылғанына көп бола қоймаса да, біршама қойылымдарды абыроймен сахналап шыққанын атап өтті. Олардың ішінде Мұқағалидың, Шәмшінің шығармашылығына арналған қойылымдар да бар. Бұдан бөлек ол театр әртістерінің шеберлігіне де тоқталып өтті.
«Осы ретте театрдың актерлер құрамына да тоқтала кеткен жөн. Олардың қатарында Самал Еслямова, Аян Өтепберген , Асылхан Төлепов сияқты белгілі дарын иелерімен бірге жас таланттар да бар. Өнерсүйер қауымға ғажайып көңіл күй сыйлап жүрген театр актерлеріне және осы ұжымның басшысы, кәсіби режиссер, шебер ұйымдастырушы Асхат Маемиров айрықша алғысымызды білдіреміз.
Театр – классикалық өнер. Ал классика қашанда биік тұрады. Сол себепті жас театрдың ғұмыры ұзақ боларына сенеміз және соған тілекшіміз. Алар асуларыңыз көп болсын. Індеттен тезірек құтылып, зал көрерменге лық толатын күн тусын. Қазақ өнері жасай берсін!» делінген М.Әшімбаевтың жазбасында.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1359105
Пікірлер

Көрші сілтемелер