Елордада жыл сайынғы дәстүрлі «Бұрқасын-2021» қысқы фестивалі 28 ақпанда өтеді.
Фестиваль бағдарламасы аясында спорттың 8 түрінен: шаңғы жарысы, гір тасын көтеру, қол күресі, пималы хоккей, қармен нысананы дәлдеп ату, автомотоспорт және қардағы футбол жарыстары өтеді. Шаңғы жарысына тіркелу 20-26 ақпан аралығында сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, WhatsАpp желісі бойынша online режимінде жүргізіледі. Өтінімдер +7 (707) 913 91 38 нөмірі бойынша қабылданады. Іс-шара сағат 11:00-де Есіл өзеніндегі амфитеатр жанында өтеді.