Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қар қалың түсті – Астана Ақшамы



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 04:00 - 2021/02/20

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/qar-qalyng-tusti/


Қар қалың түсті – Астана Ақшамы

Елордада екі-үш күн шамасында 7 мм қар жауды, бұл айлық норманың жартысына жуығын құрайды. Бас қаладағы қар қалыңдығының айлық нормасы 15 мм болса, ақпан айында 19 мм қар жауған.

Осы күндері қар жинау жұмысына 500-ден астам арнайы техника мен 50-ден аса жұмысшы жұмылдырылған. Бірінші кезекте, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылды. Одан кейін әр орташа қарқынды учаскелер, яғни алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, жол жиектері қардан аршылды.
Өткен тәулікте елордадан барлығы 26 мың текше метр қар шығарылды. Ал биылғы қыста бас-аяғы 2564383 текше метр қар жиналған. Қар елордада орналасқан 11 полигонға шығарылады. Қалада қар жинау 24/7 режимінде жүргізіледі. Полигондарда бақылау мақсатында фото және бейнекамералар орнатылған.
Сонымен қатар «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамы бойынша 20 ақпанға қараған түні термометр бағаны -25-27 градус аязға дейін, ал күндіз -15-17 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1357675
Пікірлер

Көрші сілтемелер