Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Тозығы жеткен үйден – жаңа қонысқа – Астана Ақшамы



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 03:30 - 2021/02/20

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/tozyghy-zhetken-ujden-zhanga-qonysqa/


Тозығы жеткен үйден – жаңа қонысқа – Астана Ақшамы

Елордада ескі үйлер азайып барады. Өткен жылы апатты үйлерде тұратын 400 отбасы жаңа үйлерге көшірілсе, биыл 257 отбасын жаңа пәтерлерге көшіру жоспарланып отыр. Тозығы жеткен үйлерді сырып, қажетті баспаналар тұрғызу «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр.

Аудан әкімдерінің есептік кездесулерінде тұрғындар тарапынан көп қойылған сұрақтардың бірі – апатты үйлердің сырылуы, оның иелерінің жаңа пәтерлерге қоныстану жайы. Бас қалада әбден тозығы жеткен мұндай тұрғынжайлардың саны 200-ге жуық.

Жергілікті билік бекіткен жоспар бойынша апатты жағдайдағы 5 үй (209 пәтерлік) – 2020 жылы, 4 үй (216 пәтерлік) – 2021 жылы, 16 үй (125 пәтерлік) 2022 жылы сырылуы тиіс.
Осындай үйлердің бірі – Байқоңыр ауданында орналасқан Янушкевич көшесі, 12-үй. 5 қабатты 18 бөлмелі ғимарат 1963 жылы салынған. Оның қабырғасы жарылып, кірпіштері түсе бастаған. Кей терезелер таспен қаланып, бекітіліп тасталған. Ғимараттың сыртқы ұсқынсыздығы өз алдына, подъезд іші де көзге көргісіз: қабырғалары өрмекші торымен торланған, әр жерде ток сымдары ырсиып шығып тұр, әжетхана мен қолжуғыш шұңғылшасын тот басқан. Жатақхана тұрғындары, міне, осындай жағдайда бұған дейін тұрып келді.
– Бұл үйде және Янушкевич көшесі, 12/1 үйде 330 отбасы өмір сүрген. Қазір олардың көпшілігі Қарасай батыр көшесінде жаңадан салынған тұрғын үйге көшірілді. 20 отбасы Р.Қошқарбаев даңғылы бойындағы үйге орналасты. 2020 жылы 12-үйдің тұрғындары толық көшірілді, 12/1 үй тұрғындарын жаңа қонысқа көшіру 2021 жылдың жоспарына енгізілді. Қала әкімдігі бұл жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді, – деді Байқоңыр аудандық инспекция бөлімінің басшысы Бекзат Тамшыбай.
– Әлбетте, әбден тозығы жеткен қауіпті жерде тұрып жатқан тұрғындар жаңа үйге көшуді көптен күтті. Енді, міне, жаңа қонысқа көшіп, қуанып жатырмыз. Қазір мұнда ешкім қалған жоқ. Біз осы үйде 22 жыл тұрдық, балаларымыз осы жерде ержетті, – дейді жатақхананың бұрынғы тұрғыны Әулетбай Әйтімов. Оның айтуынша, адамдар ескі қоныстарынан осыдан бір ай бұрын көшкен.
Бекзат Тамшыбайдың айтуынша, қазіргі күні Байқоңыр ауданында 441 көпқабатты үй бар, олардың 206-сы – жаңа ғимарат, тағы 174 үйдің күйі қанағаттандырарлық, ал 53 үй жөндеуді қажет етеді. Енді ешқандай жөндеуге жарамайтын 4 үйді сыру қажет. Бұл жұмыстар алдағы күндердің еншісіне қалдырылған.
– 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, үйдің 61 пайыздан артық тозығы жетсе және ол ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша апатты деп танылса, сырылуға жатады. Осыған орай, 2021 жылы – Янушкевич көшесі, 12/1 үй; 2022 жылы – Янушкевич көшесі, 10/2 үй, Янушкевич көшесі, 10/3 үй және Сейфуллин көшесі, 54/2 үй сырылатын болады, – деді ол.
Үйді апатты деп тану үшін тұрғындар әкімдікке қажетті құжаттар тапсыруы тиіс. Мәселен, баспананың тозығы жеткендігін растайтын анықтама қорытындысы туралы өтініш; өтініш беруші төлқұжатының көшірмесі; нысанның орналасқан жері туралы анықтама; жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының көшірмесі.
– Сондай-ақ жоғарыда аталған құжаттарға үйдің апаттылығын айқындайтын фотофакт қоса беру қажет. Бұл құжаттардың бәрі жинақталған соң, мәселе ведомствоаралық комиссияның қарауына шығарылады, нақты шешімді комиссия қабылдайды, – деді маман.

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1357667
Пікірлер

Көрші сілтемелер