Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Екпе егудің келесі кезеңінде – отандық вакцина – Астана Ақшамы



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 03:00 - 2021/02/20

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/ekpe-eguding-kelesi-kezenginde-otandyq-vaktsina/


Екпе егудің келесі кезеңінде – отандық вакцина – Астана Ақшамы

Елімізде коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялаудың үшінші аптасы аяқталды. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 77-бабына сәйкес жеке келісімімен вакцина салдырғандар саны 19459 адамға жетті. Оның ішінде вакцина салдыратындардың ең алғашқы легіндегі елордалық 6 300 медицина қызметкерінің 1980-і «Спутник V» екпесін алды. Әзірге ресейлік екпенің теріс әсері туралы айтылмады. Алда енді отандық екпемен вакцинациялау басталады. Екпе егудің келесі кезеңінде қазақстандық вакцина салына бастайтынын кеше онлайн брифинг кезінде елорданың Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдас­тыру бөлімінің басшысы Әлия Өмірзақова айтты. Жалпы барлық екпелердің жаңа партиясы осы айдың аяғында келіп түскеннен кейін медицина қызметкерлерін егу ары қарай жалғасады. Дәрігерлермен қатар педагогтарды, күштік құрылымдар қызметкерлерін, созылмалы аурулары бар науқастарды және басқа да адамдарды кезең-кезеңімен егу жұмыстары жүргізіледі. Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсау­лық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемованың айтуынша, осыған орай қаладағы алғашқы медициналық көмек беретін мекемелерде арнайы кабинеттер жабдықталған. Күту залдары ұйымдастырылып, әлеуметтік арақашықтық сақтауға жағдай жасалған. «Ресейлік вакцина екі компонентті, үш апта аралықпен екі рет енгізіледі. Екінші компонентпен вакцинациялау 22 ақпанда басталады. Вакцинацияның толық курсынан кейін 1,5 ай ішінде ағзаның иммундық реакциясы пайда болады. Сондықтан екпе алғандарға алдын алу шараларын сақтауды жалғастыру қажет» деді Ә.Рүстемова.

Шетелде салдырса, елде қайтадан алмайды

Егер қазақстандықтар шетелде жүріп вакцина салдырса, елге келген соң екпе алмайды. Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова арнайы брифингте «Шет елде Pfizer немесе Moderna вакциналары салынса, Қазақстанда қабылдана ма?» деген сұраққа осылай жауап берді. «Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияны алғаны құжат бойынша расталса, әрине, сол жарай береді. Бұл ретте қандай вакцина салынғаны маңызды емес. Pfizer немесе басқа да вакциналар мақұлданады. Бастысы, ол адам коронавирусқа қарсы екпе салдырып, өзін вирустан қорғады» деді ол.

Алексей Цой,
ҚР Денсаулық сақтау министрі:

«Бүгінде мемлекет алдында тұрған басты міндет – медициналық қызметтердің сапасын арттыру. 2025 жылға қарай Қазақстан халқының орташа өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін жеткізуді де көздеп отырмыз»

Екпені қалай сақтайды?

Қазір елордада вакциналарды тасымалдауға арналған 20 мұздатқыш және 82 термоконтейнер бар. Қосымша 22 мұздатқыш қондырғы сатып алынды. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймасындағы төрт мұздатқыш қондырғыда бір уақытта екі мыңға жуық вакцина дозасын сақтауға болады. Мамандардың айтуынша, «СК-Фармациядан» екпелер егу кабинеттеріне дейін минус 18-20 градуста сақталып келеді екен. Тасымалдау кезінде тиісті температура сақталады. Одан кейін қоймаға да барлық норманы сақтай отырып қабылданады. Сонымен қатар бүкіл медициналық ұйымдар арнайы тоңазытқыштармен қамтамасыз етілген және осы бағыт бойынша біліктілігін шыңдаған мамандар жұмыс істейді. Олар тасымалдаудың барлық кезеңіндегі сақтау жолдарын тексере отырып, әрі қарай тиісті деңгейде сақтауды қолға алады.

Сала ардагерлерінің алғашқы кеңесі

Денсаулық сақтау саласын жаңғыртуда медицина профессорларының тәжірибесі мен білімі өте маңызды. Әрі саладағы реформаларды сәтті іске асыруда сабақтас­тық болу үшін қазіргі буынға медицинаның көпті көрген және көп білетін майталмандарының кеңесі қажет. Еліміздегі денсаулық сақтау жүйесі ардагерлері кеңесінің алғашқы отырысында осылай деген ДСМ басшысы Алексей Цой танымал отандық кәсіби мамандардың көмегіне көп үміт артылатынын жеткізді. Жалпы аталған кеңес денсау­лық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты жаңғырту және дамыту жөніндегі кешенді шешімдерді әзірлеу үшін құрылған еді. Кеңестің бірінші жиыны медициналық-санитарлық алғашқы көмектің прогрессивті моделін енгізу және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің реинжинирингі мәселелеріне арналды.

АҚШ екпеге 4 млрд доллар бөледі

Америка басшысы Джо Байден әлемде COVID-19 қарсы екпені әділ түрде бөлу үшін АҚШ жарнасын екі еселеуге шешім қабылдады. Сонымен құрама штаттар осы үшін төрт млрд төл ақшасын бөлмек. Ақ үй мәлімдемесінде: «Ковид әлемде бірде-бір ел пандемиямен жалғыз өзі күресе алмайтынын көрсетті. Сондықтан осындай шешім қабылдап отырған АҚШ 2021-2022 жылдарға арнап қаржы бөлді» делінген. Ал былтыр желтоқсан айында Америка ДДҰ-ның жер бетіндегі елдердің қауіпсіз деп танылған екпеге қолжетімділігін теңдей қамтамасыз етуге жұмыс істейтін COVAX бағдарламасына жарна ретінде екі млрд доллар бөлуді мақұлдаған еді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1357660
Пікірлер

Көрші сілтемелер