Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ауа ластағанға айыппұл артады – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 04:30 - 2021/01/14

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/aua-lastaghangha-ajyppul-artady/


Ауа ластағанға айыппұл артады – Астана Ақшамы

Қазақстанда жаңа Экологиялық кодекстің қабылдануына байланысты ауаға тиісті нормадан артық ластаушы заттар шығаратын автокөліктерге салынатын айыппұл мөлшері артады. Бұл аталған кодекстің «ластаушы төлейді» деген принципіне сәйкес келеді.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 334-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес, ластаушы заттардың мөлшері белгiленген нормативтерден асса, жеке көлік иесі – 10 айлық, заңды тұлғалар 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді. Ал бұл заң бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса жеке тұлғаларға – 20, заңды тұлғаларға 200 АЕК айыппұл салынады. Жаңа норма шілде айында күшіне енеді. Ал әзірге қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке тұлғаларға ескерту жасалады немесе 2 АЕК, ал тағы қайталанған жағдайда 5 АЕК қана айыппұл жазылады.
Нұр-Сұлтан қаласының Жол картасына сәйкес, техникалық байқау орталықтарына қойылатын талаптар қатаңдатылады. Бұрын техбайқау пункттерін ашқысы келетін кәсіпкер ол туралы тек хабарлау­ға тиіс болса, енді арнайы рұқсат алуы қажет. Мұндай орталықтарға бірыңғай бағдарламалық қамтамасыз ету қызметі де енгізіледі. Сақтандыру полисін алу кезінде техникалық байқаудан өту міндеттемесі жүктеледі. Сонымен қатар техбайқау операторының қызметін тоқтата отырып, міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдар ұлғайтылады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1335127
Пікірлер

Көрші сілтемелер