Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Сарыарқа мұрасы сараланады – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 04:15 - 2021/01/14

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/saryarqa-murasy-saralanady/


Сарыарқа мұрасы сараланады – Астана Ақшамы

ҚР Ұлттық музейінде 15 қаңтарда «Далалық Еуразия төсіндегі Сарыарқа мұрасы» атты іс-шара өтеді. Оның барысында ұжымдық монографияның таныстырылымы болады.

Дөңгелек үстел кезінде Ұлттық музейдегі «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының 2018-2020 жылдардағы археологиялық, этнографиялық зерттеу­лері, геоақпараттық картографиялау, Сарыарқаның тарихи-мәдени мұра нысандарын цифрлық 3D модельдеу және Ақмола облысының топонимикасы бойынша жүргізген жұмыстарының нәтижелері ұсынылады.
Кітапта Сарыарқаның батыс бөлігіндегі Саба қорымының археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде алынған байырғы тұрғындардың жерлеу салты, дүниетанымы, қару-жарағы, мәдениеті мен шаруашылығы туралы жаңа мәліметтер берілген. Жүргізілген жұмыс барысында векторлық карталар дайындалды және Сарыарқаның бірегей тарихи және мәдени ескерткіштерінің ЗD-үлгілері жасалды. Дөңгелек үстел жұмысына археология, этнография саласындағы көрнекті ғалымдар, сондай-ақ музей саласының мамандары қатысады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1335122
Пікірлер

Көрші сілтемелер