Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Кибершабуыл жолы кесілді – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 04:00 - 2021/01/14

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/kibershabuyl-zholy-kesildi/


Кибершабуыл жолы кесілді – Астана Ақшамы

Былтыр мамыр айында «goszakup.gov.kz» мемлекеттік интернет-ресурсының жұмысын уақытша тоқтатқан кибершабуыл дерегі бойынша тергеп-тексеру аяқталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында және Электрондық қаржы орталығының жәрдемімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде кейіннен артықшылықтар алу мақсатында мемлекеттік интернет-ресурсқа кибершабуыл жасаған ҚР азаматы анықталды. Тергеп-тексеру және жүргізілген компьютерлік-техникалық сараптама нәтижелері бойынша адамның кінәсі толық дәлелденді, қылмыс жасау құралдары алынды.
Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен сотталушы ҚР ҚК 207-бабының 2-бөлігі 1-тармағы «Ақпараттық жүйенің немесе телекоммуникация желілерінің жұмысын бұзу» бойынша кінәлі деп танылды. Ол 3 жыл мерзімге электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметпен айналысу құқығынан және 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1335118
Пікірлер

Көрші сілтемелер