Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Шет аймақсыз шаһар – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 03:45 - 2021/01/14

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/shet-ajmaqsyz-shahar/


Шет аймақсыз шаһар – Астана Ақшамы

«Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспарының тұжырымдамасы аясында қаладағы аудандарды дамытуды полиорталық концепциясына көшірдік, бұл – білім беру, медицина, демалыс орындары және т.б. нысандар тұрғындарға қолсозым жерде болуы үшін жасалды.

«Алаптар тұрғындарымен кездесуде олардың спортпен шұғылдану және бос уақыттарын тиімді өткізу үшін орындар ашуды сұрады. Биыл «Өндіріс», «Көктал», «Үркер», «Железнодорожный» тұрғын алаптарында ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін тұрғызамыз. Кешендерде баскетбол, волейбол, үстел теннисі, тренажер залы, күрес, бокс залдарынан басқа полиция бекеті, қарт адамдарға арналған клубтар, ХҚКО және пошта бөлімшелері орналасады» деп жазды қала әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында.
Елорда әкімі Мемлекет басшысының тұрғын үй алаптарын дамытуға, соның ішінде бұқаралық спортты насихаттауға ерекше көңіл бөлетінін жеткізіп, осы ретте елорда картасында қала тұрғындарына қажетті «жаңа тартылыс нүктелері» пайда болатынын айтты.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1335115
Пікірлер

Көрші сілтемелер