Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Мәжіліс депутаттарының есімі белгілі – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 03:00 - 2021/01/14

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/mazhilis-deputattarynyng-esimi-belgili/


Мәжіліс депутаттарының есімі белгілі – Астана Ақшамы

10 қаңтардағы сайлаудың қорытындысы бойынша Мәжіліске өткен саяси партиялар өз үміткерлерінің тізімін жариялады.

Әуелі Nur Otan партиясы атынан Мәжіліс депутаты болатын 76 адамның тізімі жарияланды. Партияның Мәжілістегі фракциясының құрамы 70 пайызға жаңарды. Фракция құрамының орташа жасы – 49, яғни 4 жылға жасарған. Тізімдегі 36 үміткер – праймериз жеңімпаздары, 40 үміткер Саяси кеңес бюросының квотасы бойынша бекітілген. Партия фракциясының жаңа құрамының 40 пайызы әйелдер мен 35 жасқа дейінгі жастардан тұрады. Nur Otan-ның Мәжілістегі депутаттық корпусына негізінен білім беру, денсау­лық сақтау, ҮЕҰ, БАҚ, сарапшылар қауымдастығы, өнеркәсіп, ауыл шаруа­шылығы және т.б. салалардың өкілдері енді. Депутаттыққа үміткерлердің тек 7-еуі – бұрынғы мемлекеттік қызметкер, яғни фракция құрамында олардың саны 10%-дан аспайды.
Сондай-ақ «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесінің пленумы өтті. Онда Мәжілістің жетінші шақырылымындағы депутаттарды сайлау қорытындылары талқыланып, депутаттық мандаттар бөлінген. «Ақ жолдың» үміткерлерінің саны – 12. Ал сайлау додасына 125 үміткерін ұсынған Қазақстан халық партиясы Мәжіліс­тегі 10 өкілінің есімдерін жариялады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1335102
Пікірлер

Көрші сілтемелер