Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қоғамды мейірімділік құтқарады – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 02:45 - 2021/01/14

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/qoghamdy-mejirimdilik-qutqarady/


Қоғамды мейірімділік құтқарады – Астана Ақшамы

Елордадағы Музыкалық жас көрермен театры жаңа жылды орыстың классик қаламгері Ф.Достоевскийдің «Ұлдар» драмасының премьерасымен ашты. Спектакльді әлемге әйгілі жазушының соңғы шығармасы – «Ағайынды Карамазовтар» романы желісімен жас режиссер Ерназар Жаңатілек сахналады.

Аталмыш театр директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемировтың айтуынша, еліміздің шығыс өңірінде ізі қалған, Шоқанның досы болған қаламгердің туындылары қазақ театрында бұрын-соңды қойылмаған. Достоевский шығармалары қазақ көрерменіне алғаш рет жол тартып отыр. Режиссердің де бұл дебюттік қойылымы. Бір атап өтерлігі, романның төртінші бөлімінің 10-кітабы «Ұлдар» деп аталады. Драманың негізіне дәл осы тарау алынған. Ал қазақ тіліне Айнұр Омаш тәржімалады.
Жаза басқан адамды тұқыртуға құмармыз. Ал қателік жасаған адам бала болса ше? Бұлай істеуге болмайтынын дауыс көтермей, түсіндірудің орнына, сол баланың жер-жебіріне жетеміз. Осыдан кейін жеткіншектер мұндай ісімізден қандай үлгі-өнеге алады? Әрине, ешқандай. Тіпті бізден асып түсіп, асқан қатыгездік көрсетіп жатады.
Бұл қойылымда жазықсыз жануарды өлтірген Илюша есімді бозбаланы (жас актер Еламан Иманбаев) бәрі жүндейді. Гимназист құрдастары күн көрсетпеуге дейін барады. Тек он төрт жасқа шықса да, ересек адамның ақылын көрсететін алғыр да зерек Коля Красоткин («Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Асылхан Төлепов) Илюшаны кінәламай, оны өз қамқорлығына алады. Коляның мейірім шуағына шомылған Илюша ақыры өз қателігін түсінеді. Бұл төсек тартып, жатып қалғанда: «Мен Жучканы өлтірдім. Соның зауалы – осы ауру» деген сөздерінен білінеді.
«Бұл – ауыр шығарма. Басты идея – жалпы қоғамның бір адамға әсерін көрсету. Адам баласы әрқашан мейірімге жақын болу керек деп түсінемін» дейді жас режиссер Ерназар Жаңатілек. Ол осы спектакльді сахналап қана қоймай, Перезвон атты иттің бейнесін сомдады. Қойылымда тағы бір есте қалатын кейіпкер – көзіне мейірім тұнған Алексей Карамазов (Абзал Арапов).
Бірнеше жыл бұрын Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры астанаға гастрольмен келгенде, Г.Хугаевтың «Қара шекпен» әфсанасын тамашалаған едік. Бұл спектакльдің қоюшы режиссері – Асхат Маемиров. «Ұлдардан» да оның қолтаңбасын байқадық. Кейінгі спектакльді қойған Ерназар Жаңатілек белгілі режиссердің шәкірті болған соң әрі елорданың жаңа театрының тізгіні А.Маемировтың қолында болғаннан кейін, бұған таңғалудың да реті жоқ шығар. Перезвон бейнесі де «Қара шекпендегі» иесіне адал жануарды есімізге түсірді. Осы екі қойылымның идеясы бізге ұқсас болып та көрінді. Қос шығарма авторлары, режиссерлер де «қоғамды мейірімділік құтқарады» дегісі келген сияқты.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1335098
Пікірлер

Көрші сілтемелер