Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ананы ардақтаған кітап – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 02:15 - 2021/01/14

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/anany-ardaqtaghan-kitap/


Ананы ардақтаған кітап – Астана Ақшамы

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ғалым Арыстанбек Мұхамедиұлының «Кемеңгер тұлғалардың ұлы аналары» атты орыс тілінде жарық көрген кітабының таныстырылымы өтті.

Халқымызда «Жұмақтың кілті – ананың табанының астында» деген ғибратқа толы нақыл бар. Осы бір ауыз сөзден асыл ананың қадірі мен қасиетін ұғасыз. Таныстырылым барысында автор аталған жинақ аналардың шексіз махаббатының ыстық ықыласына арналғандығын айтты.
– Бұл кітапта көрнекті қайраткерлерлерден басқа, спорттың тарландары атанған Мұхаммед Әли, Пеле, көрнекті ғалым Томас Эдисон секілді тұлғалардың аналары туралы жазылған. Негізі, біз сол азаматтардың өмірбаянын емес, баласының биік дәрежеге жету жолындағы анасының сіңірген еңбегін айтуды мақсат тұттық, – деді А.Мұхамедиұлы.
Сондай-ақ бұл жинаққа енген Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей президенті В.Путин, ғалым Д.Менделеев, Д.Вашингтон, ­Ш.Голль секілді он алты атақты тұлғаның аналары туралы құнды дерек пен жылы әсерге толы дүниелерді қызығып оқисыз.
Іс-шара аясында сөз алған Парламент Сенатының депутаты, белгілі журналист Нұртөре Жүсіп оқырманға жол тартқан жаңа кітап туралы айта келіп: «Бұл материалдарды байланыстырып тұрған нәрсе, осы көрнекті тарихи тұлғалардың бәрінің анасы өзінің перзентіне деген махаббатына адал болған. Осы кітап басынан бастап соңғы нүктесіне дейін адамға сенім ұялататын, адамның тұлға болып қалыптасуына ананың махаббатының мейірімінің қаншалықты керек екендігін дәлелдеп тұр. Мына әлем кейде қатыгез болып бара жатса, сол аналық мейірімнің жетіспеуінен шығар деп ойлаймын. Сондықтан кітапты мұқият оқып шыққан әр адамның бойында өзінің анасына, жалпы аналарға деген махаббаты, құрметі оянады» деді қаламгер.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1335090
Пікірлер

Көрші сілтемелер